пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Қызылорда облысының әкімі Жалағаш ауданының әлеуметтік нысандарын аралап шықты

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, бірнеше елдімекеннің тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар, қуаттылығы 30 кВт «Nomad Solar» ЖШС салатын күн электр станциясының құрылыс басталуына қатысты. Электр станциясының құрылысына 60 адам жұмылдырылған, пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 18 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы 2017 жылы «Серпін» аграрлық-индустриялық аймағында ашылған «Өркен Әлем» ЖШС арнайы киім тігу цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорында 24 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, аудан орталығы Жалағаш кентінде облыс әкімі «Тағзым алаңында» болды.

Облыс әкімі Бұқарбай батыр ауылдық округінде күріш өсірумен айналысатын «Байтабын» ЖШС №5 бригадасының егіс алқабында болды.

Бұдан әрі аймақ басшысы «Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» тас жолының бойындағы «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Қуанышбек Ысқақов Аққыр ауылдық округінде елдімекенді абаттандыру бойынша, атап айтсақ, ауылға тартылған ауызсу мен электр желісін жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Мақпалкөл ауылдық округінде облыс әкімі аумағы 6 га алма бағын аралап көрді.

Өңір басшысы Мәдениет ауылдық округінде 2018 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарда, спорт кешені, балабақша және мәдениет үйінде болды.

Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық спорт кешенін аралап көрді.

Облыс әкімі «Еңбек» ауылдық округінде болып, «Еңбек Жер» ЖШС ауыл тұрғындарының игілігі үшін салған 50 орындық спорт кешені, мешіт және шаштараз, шағын-маркет, 200 орындық тойхана жұмысымен танысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: