+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
31.07.2019 в 09:58

Басқарма басшылары мен аудан әкімдері тікелей эфирде алматылықтардың сұрақтарына жауап береді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен ашық диалог орнатуды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі өз қызметінде ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын басшылыққа алуда.

Басқарма басшылары мен аудан әкімдері тікелей эфирде алматылықтардың сұрақтарына жауап береді

Алматы қаласының әкімі ретінде Бақытжан Сағынтаев өзінің бірінші жұмыс күнінде-ақ әлеуметтік желілерде ресми аккаунттарын ашқанын хабарлаған еді.

«Мен үшін Сіздердің барлық өтініштеріңіз бен тілектеріңізге дер кезінде үн қатып, жауап беру өте маңызды. Өз басым қаланың түйткілді мәселелері мен оның даму стратегиясын ашық талқыласақ деймін. Қала тұрғындарының тағдырына байланысты шешімдер қабылдаған кезде, мен үшін Сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Сіздермен бірге ашық диалог орнатуға дайынмын!» — деді шаһар басшысы алматылықтарға арнаған сөзінде.

Халықпен ашық диалог құру үшін аудан әкімдері мен басқарма басшылары «Алматы» телеарнасындағы «Акимат Live» бағдарламасында алматылықтардың сұрақтарына жауап беретін болады. Бағдарлама аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері, сағат 20:00-де шығады. Тікелей эфир кезінде телефон арқылы немесе әлеуметтік желілерде сұрақтар қоюға болады. Эфир YouTube және Facebook-те көрсетіледі. Эфирдің бірінші қонағы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай болды.

Тұрғындар абаттандыру, сумен жабдықтау, жолдарға қатысты сұрақтарын қойды. Ертең, 1 тамыз, сағат 20.00-де Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді.

Сұрақтарды «AlmatyTV» телеарнасының әлеуметтік желілерінде - Instagram, YouTube, Twitter, Facebook беттерінен қоюға болады. Сонымен қатар, өтініштер WhatsApp: 8 777 046 33 33 нөмірі бойынша және E-mail бойынша қабылданады: webalmatytv@gmail.com Тікелей эфирді, сондай-ақ, Facebook, Youtube және almaty.tv телеарнасының сайтынан да көруге болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика