+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
18.07.2019 в 18:40

Алматы әкімі: Экономикалық өсімге қолжеткізу үшін ашық диалог жүргізген жөн

Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларымен және бизнес өкілдерімен шағын орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Алматы әкімі: Экономикалық өсімге қолжеткізу үшін ашық диалог жүргізген жөн Фото взято с сайта 24.kz

Кездесуге «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Дана Жүнісова, «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП сауда департаментінің директоры Нұрлыбек Мұканов, Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева қатысты.

Шағын орта бизнес жұмысына оң өзгерістер енгізу, инвестицияны арттыру, сервисті экономикада тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша бірқатар жүйелі шаралар ұсынылды. Олар: бизнесті қаржыландыру, әкімшілік кедергілерді жою, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, Алматының іскерлік кеңесінің диалог алаңына экономиканы дамыту мәселелерін талқылау мен шешім қабылдау процесстеріне белсенді қалалықтарды кеңінен тарту.

Жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздарды, әлеуметтік осал азаматтарды, әсіресе жастарды бизнеске тартуға айрықша назар аударылады. Мобилді орталықтар құру мен Qolday кәсіпкерлік орталық бұл мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.

Б.Сағынтаев барлық мәселелерді бірлесіп шешу қажет екенін атап өтті.

«Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау және кәсіпкерлердің сұраныстарына дер кезінде назар аудару қажет. Экономикалық өсімге қолжеткізу үшін ашық диалог жүргізген жөн», — деді Алматы әкімі.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылады.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері және инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейтудің негізгі шаралары талқыланды.

Қала әкімі Алматыда ШОБ қолдау көрсетудің бірыңғай өңірлік бағдарламасының қабылданатынын, мұнда әкімшілік кедергілерді жоюдың және мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырудың нақтылы шаралары көрініс табатынын хабарлады.

«Басты міндет – жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту. Мұнда «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес ұйымдарымен бірлесіп, түсіністікпен жұмыс істеу үлкен рөл атқаратын болады», — деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған барлық мәселелерге қатысты «жол картасын» бірігіп жасау жөнінде шешім қабылданды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика