суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Ақжайық жас футболшылар жетістігі

Сәуір айында бастау алған футболдан жастар командалары арасындағы ел чемпионаты мәреге жетті. 2001-2007 жылдар аралығында туған футболшылар арасындағы бәсеке бес кезеңге созылды.

Биылғы чемпионат оралдық «Ақжайық» футбол клубының жас тәлімгерлері үшін табысты болды. Өткен жылғы нәтижені жақсартқан жас футболшылар бапкерлер мен жанкүйер қауымнң көңілінен шығатын ойын өрнегін көрсете алды. 2003 жылғы футболшылар он бірінші, 2002 жылғы футболшылар сегізінші орынға тұрақтаса, 2001 жылғы аяқдопшылар жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ «Ақжайық-2001» командасының ойыншысы Артур Сюсюкин чемпионаттың «Үздік қақпашысы» атанды. Білікті бапкер Алексей Тугушевтан тәлім алатын «Ақжайық-2001» ойыншылары әлі талай шыңды бағындырарына сенім мол.

Сондай-ақ кіші топтағы жас футболшылар да намысты қолдан бермеді. Бұл топта ең төмен нәтижені 2004  жылғы ойыншылар көрсетті. Олар 15-орынды иеленсе, 2006 жылғылар жеті, ал жүлдеге соңына дейін таласқан «Ақжайық-2005» жарыстың соңғы күні ұпай жоғалтып, алтыншы орынға тұрақтады. Дегенмен, 22 гол соққан «Ақжайық-2005» командасының шабуылшысы Данил Пастухов чемпионаттың «Үздік сұрмергені» аталымын қанжығалады.

Біраз жылдан бері жүлдеге іліге алмай жүрген жас батысқазақстандықтар биылғы чемпионат қорытындысы бойынша 7-орынға тұрақтады.

«Өткен жылы 8-орын алған едік. Биыл бір саты жоғарыладық. Екі командамыз жүлдеге ілікті. Төрт  ойыншымыз үздіктер қатарында. Бұл дегеніміз, облыстағы жастар мен жасөсіпірімдер футболының дұрыс жолға қойылғандығының көрсеткіші. Мұның бәрі облыс басшылығының, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы жетекшілерінің өңірдегі футболдың дамуына көңіл бөлуінің нәтижесі», — дейді «Ақжайық» футбол орталығының жетекшісі Виктор Каблов.

Енді жас футболшылар ел кубогі жолындағы жарысқа дайындалатын болады.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0