суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Оралда «Жалынды жастар – болашаққа жол бастар» атты шара өтті

Қалалық орталық кітапхана Жастар жылына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты - замандастарына үлгі болып жүрген жастарды, олардың шығармашылығын таныстыру. Соған орай кеш қонақтарының қатарында ағылшын тіліндегі әңгіме-повестерді қазақ тіліне тәржімалап жүрген жас аулармашы Аяжан Калиоллина мен үш тілді еркін меңгеріп, академиялық ұтқырлық бойынша өз білімін шет елде дәлелдеп келген жас ақын Аида Хасанова болды.

Биыл мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аудармашы мамандығы бойынша грант иегері атанған Аяжан мектеп қабырғасында жүріп үш бірдей көлемді шығарманы қазақша «сайратқан».

«Аяжанның бұл жетістігін қайталаған оқушы әзірге облысымызда жоқ. Аудармаға жасауға ұсыныс білдірген кезімде ол қуана құп алып, бұл іске бар ынта-жігерімен кіріскен еді. Шәкіртімнің еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үлгі етуге тұрарлық. Оның шетел көркем әдебиетінен аударған еңбектерінің орыс тілінде аударма нұсқалары жоқ. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Аяжанның аударма жұмыстарымен танысып, жоғары бағасын берді. Бірлестік мамандары тарапынан бұл еңбектерді мектеп оқушыларына қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдану жөнінде ұсыныс жасалды», — деді шара барысында сөз алған Орал қаласындағы №19 орта мектептің директоры Алтын Жұмағалиева.

Аида Хасанова өз сөзінде жаңадан шыққан «Өмір новелласы» деп аталатын кітабі, өзінің шығармашылығы, бүгінгі заманастарының келбеті туралы айтты.

Шара соңында Орал қалалық кітапханасы директорының орынбасары Райхан Айтжанова Жастар жылы – бұл жастар үшін елдегі өзгерістер ағымына тікелей атсалысудың бірегей мүмкіндігі екенін баса айтты. Мемлекет тарапынан беріліп отырған осы мүмкіндікті тиімді пайдалану жастардың қолында.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0