воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы тұрғындарының арыз-шағымын тыңдады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы төтенше жағдайды көргеннен кейін артынша аудан халқымен кездесуге барды.

Фото взято с сайта mail.kz
Фото взято с сайта mail.kz

«Әлгінде көлден аққан су тоқтағаны жайлы хабар келді,  содан соң көңілім кішкене орнына түсіп, өздеріңізге келіп отырмын. Құдай бізді тағы бір рет сақтап қалды», – деген әкім Қарғалы өзенінің ағысы бірқалыпқа түскенін айтып, тұрғындарды сабырға шақырды. 

Әкіммен кездесуге келген наурызбайлықтардың қарасы қалың. Аудандағы мектептердің бірінің акт залында өткен жиында ине шаншар жер болмады. Үш сағатқа созылған жиында  ауданның жол сапасы, денсаулық саласы, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік нысандардың құрылысы және кәсіпкерлікті дамыту мәселесі сөз болды. Биыл әкім жыл соңына дейін жарықтандыруды қалыпқа келтіріп, медицина саласын ретке келтіруді көздейтінін жеткізді.

«Бізде біраз емханалар бар болғаны 20 пайызға жабдықталған. Ең қарапайым УДЗ аппарат жоқ. Міне, солардың бәрінің тізімін жасадық. 2022 жылға дейін қала бойынша бүкіл емхана мен ауруханалардың медициналық құрал жабдықпен қамтамасыз етуін 90 пайызға жеткізу керек», — деді Алматы қаласының әкімі.

 Сондай-ақ жиында әкім бизнес бастағысы келетін қарапайым азаматтарға көп қолдау көрсетілетініне де тоқталды.

«Кәсіпкерлікпен айналысам десе, оған да қазір схеманың барлығын ауыстырдық. Егер де Наурызбай ауданында болмаса Алатау ауданында шалғай, шеткі аудандарда бір кәсіпорын ашамын десе, онда 2 пайызбен несие береміз. Өзіміз беретіндіктен, банк сияқты қатал талап жоқ. Негізі бизнесті аш, жұмыс орнын аш. Тірлік істе. Қандай тірлік істегің келеді. Ғимаратты алған кезде жалға алу ақысын жеңілдік береміз. Жекеден алсаң, арендасы қымбат. Біз жеңілдікпен береміз. Ұзақ мерзімге береміз. Құрал-жабдық қажет болса, лизингке береміз», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Тұрғындар шет аймақтарда қоғамдық тәртіптің күзетілмейтінін айтқан болатын. Соған жауап ретінде әкім бұдан былай көптеп полиция пункттері де ашылатын, бүгінде оның тетіктері ойластырып жатқанын айтты.

Еркін форматта өткен жиында аудан тұрғындары емін-еркін сұрақ қойып, оған жауап алды. Халықты алаңдатқан мәселелердің қатарында ауыз су жайы да бар. Шешуге қаражат пен уақыт қажет екеніне қарамастан дүйім жұрт проблеманы тездетіп қолға алуды сұрады. Тіршілік нәріне қол жетпейді деген тұрғын бірден ауыз суға жауапты басқармасының басшысына төтесінен сұрақ қойды.

Кездесуде 20-ға жуық сұрақ қойылып, оған қала әкімі нақты жауап берді. Шаһар басшысымен дәл осылай кездесеміз деп ойламаған жұрт таңданыстарын жасырмады. Сөздерінше, мәселеден қашқаннан гөрі, мүмкіндігінше шешімін табуға асыққан әкімнің ісін көпке үлгі деді олар.

Жиын соңында қала басшысы бұл соңғы кездесу емес екенін айтты. Қашанда шалғайдағы аудан тұрғындарының мәселесі жіті бақылауында екенін жеткізді. Тіпті шаһар әкімінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына келіп түскен сұрақтар назардан тыс қалмайтыны да айтылды. Барлығы салаға бөлініп, мәселеге сараптама жасалады деді.

Жиын барысында әкім Алматының Алатау және Наурызбай аудандарында келесі жылы оқушылар сарайы салынатынын, қазір ірі жобаның құжаттары дайындалу үстінде екенін айтып қуантты. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап қаланың 8 ауданында «Бақытты отбасы» орталықтары және шеткі аудандарда медпункттер ашылмақ.  Оған қоса, биыл 5 емхананы заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамту үшін 400 миллион теңге бөлініп отыр екен.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб пен Алатау ауданы тұрғындарымен кездескен болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0