+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.08.2019 в 17:54

Алматыда «Jasyl Almaty» үш жылдық жобасы басталмақ

Алматы туралы ән-жырлардың бәрінде оның әсем табиғаты, тауы мен жасыл-желегі туралы айтылады. Және бұрын қалаға кіргеннен апорттың хош исі аңқитын дейді байырғы тұрғындар. Ал бүгінде урбанизацияның әсерінен жұрт жаппай қалаға ағылып, Алматы мегаполиске айналды. Құрылыс көбейді. Әсем шаһардың ағаштары кесіліп, таудың етегіне дейін үйлер салынып тасталған. Осының салдарынан бүгінде Алматыда 50 мыңнан астам ағаш апатты жағдайда тұрса керек. Ал жарты миллионға жуық тал ауру деп танылған. Емдеуді қажет ететін ағаштардың дені Түрксіб пен Наурызбай ауданында өсіп тұр. Қазір қала билігі оларды жеке тексеріп, минералдық тыңайтқыштармен емдеуді қолға алмақ.

Алматыда «Jasyl Almaty» үш жылдық жобасы басталмақ Фото Максима Золотухина

Ресми дерек бойынша, Алматыда 2,2 миллион ағаш бар екен, соның 550-ін емдеу қажет. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-ғы парақшасында да жазған болатын. «Қаламызды кең көлемде жасылдандыру бойынша кеңес өткіздім. Қазір Алматыда 2,2 миллион ағаш бар, алайда олардың 550-і емдеуді қажет етеді. Күзде «Jasyl Almaty» үш жылдық жобаны бастауды ұсынамын, оның барысында қала бойынша кем дегенде миллион түп ағаш отырғызылатын болады. Ең алдымен Алатау, Наурызбай, Жетісу, Алмалы аудандарында. Біз жаңа ықшам аудандарды, көшелер мен аулаларды жасылдандырып, бүкіл мегаполис бойынша тұрғындар демалатын аймақтар, жаңа бульварлар мен скверлер жасауға тиіспіз.

Жасыл экономика басқармасының мамандары ағаштарды Индустриялық аймақ маңына отырғызатынын жеткізді. Бірақ қала әкімі алдымен халық көп шоғарланған жерлердегі жасыл желектің санын көбейтуді тапсырды. 

Себебі әкіммен кездесуге келген Алатау ауданының халқы көлеңкенің жоқтығын, себебі тал мен саябақтың жоқтығын айтқан еді.  Сол себепті күннің аптап ыстығында ашық далада отыруға мәжбүр екендерін, тіпті орындықтар, балалармен қыдыратын жер жоқ екенін айтқан.

«Бұл ауқымды әрі пайдалы іс. Жасыл экономика басқармасы бұл шараға барлық экологиялық ҮЕҰ мен азаматтық белсенділерді, жеке бизнесті, ізгі ниетті қалалықтарды кеңінен тартқаны жөн. Егер әрбір алматылық бір ағаштан отырғызса, онда қала экологиясының өзгеретініне сенімдімін. Келіңіздер, бәріміз бірігіп, Алматыға жасыл қала даңқын қайтарайық, сол үшін мақтанатын боламыз»,– деп жазды қала басшысы.

Бұдан бөлек, мамандар Алматының экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстарды әрмен қарай жалғастырмақ. Автобустарды 100 пайызға жаңарту мен троллейбус паркін реттеу, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды жылына 630 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қалааралық қоғамдық көліктерді жаңарту мен жекеменшік секторды толыққанды газға қосу мәселесі де пысықталуда. Ал қала көркін бұзатын сұрықсыз қоқыс контейнерлерін бір үлгіде етіп, жеке тұрғын үйлердің қасына да орнату қарастырылуда.

Жалпы, Алматыда «жасыл желекті күтіп-баптау және қорғау ережесі» бар және ол  бұған дейін де бірнеше рет қабылданған. Яғни, жасыл желек – қала үшін күн тәртібінен түспейтін тақырыптардың бірі деуге болады. Аталған ережеге сәйкес, бір тал кессең, 50 тал ағаш отырғызуың керек. Дәл осындай ереже алғаш 19 ғасырда қабылданған екен. Ол кезде ережені бұзғандарды қамшымен сабайтын болыпты. Тіпті кейде әскери губернатор Герасим Колпаковскийдің өзі де осымен айналысқан дегенді айтатындар бар. Бүгінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жасыл желекке деген жанашырлығы ерекше. Көп ұзамай, Алматының бұрынғыдан жасыл қалаға айналары сөзсіз.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика