среда, 5 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-5oC
×

Алматының алдағы жылу маусымына жалпы дайындығы 70%-ды құрайды

Қазіргі кезде Алматының алдағы жылу маусымына жалпы дайындығы 70%-ды құрайды.Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен күзгі-қысқы кезеңге дайындық жөніндегі қалалық штабтың кезекті отырысында айтылды.

«Алматы жылуэнергия кешендерінің КҚМ дайындығы 70%-ды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі дайындық жұмыстарына тең көрсеткіш», – деп атап өтті қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Жылу желілерінің тозуы 2016 жылдан 64,4%-дан 61%-ға дейін төмендеген, суыққа дайындығы 71%.

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС 145 қазандығының 79-ы қысқа дайын, яғни 64% -ды құрайды, денсаулық сақтау мен білім объектілеріне жылу беретін 66 автономиялы қазандықтардың барлығы 100% дайын.

Өз сөзін одан әрі жалғастырған басқарма басшысы денсаулық сақтау, білім және тұрғын үй қорында жылу маусымына дайындық қарқыны былтырғы кестеден 10% озық екенін және 78%-ды құрайтынын айтты.

Мысалы, ауруханалардың, емханалардың және өзге де медмекемелердіңқысқа дайындығы 82%-ға жетіп, өткен жылғыдан 11%-ға артты.

Мектептердің, мектеп жасына дейінгі мекемелердің және басқа да білім объектілері қысқа 88% дайын, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық.

Дегенмен, көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы- 63%. Мұнда жеке пәтерлер иелері жұмысқа кедергі болуда.

«Мысалы, ПИК-тердің 61%-ы үйлерді әлі қысқа дайындамаған. Олардың төрағалары өз жұмыстарына немкетті қарауда. Соның салдарынан элеватор тораптары, жертөлелердің жағдайлары нашар, манометрлер мен өзге де өлшегіш құралдары орнатылмаған», – деп атап өтті Ә. Масабаев.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев барлық аудан әкімдері мен басқармалар басшыларына тұрғын үй қорын қысқы маусымға дайындау жөнінде ПИК-тердің жұмыстарын қатаң бақылауға алуды және апатты және келеңсіз жайттарды болдырмауды, Алматы тұрғындарын өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйеден ажыратпау жолдарын іздестіруді тапсырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0