+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
15.08.2019 в 19:33

Алматыда медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 45,5 млрд теңгеге артады

Алматы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалық етуімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.

Алматыда медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 45,5 млрд теңгеге артады Фото ubr.ua сайтынан алынды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басшысы Айбатыр Жұмағұловтың мәліметі бойынша Алматы қаласы тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 2020 жылы 45,5 млрд. теңгеге немесе бір жарым есеге өсетін болады.

«Егер 2019 жылы медициналық қызмет бюджеті 114,9 млрд теңге болса, онда 2020 жылы 160, 4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған», - деп атап өтті А. Жұмағұлов. МСҚ төрағасының сөзіне сүйенсек, бұл медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен тығыз байланысты.

Бірер айдан кейін толық іске қосылатын реформаның негізгі мақсаты – медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болғандықтан, реформаны ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп отыр.

Осыған байланысты Алматы әкімдігі тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

«Реформа қарсаңында қала тұрғындарының МӘМС жайлы білу деңгейін көтеруіміз қажет. Әсіресе, бейресми жұмыс істейтін азаматтардың статусын анықтаудың маңызы зор. Сол себепті әр тұрғынға дұрыс мәлімет беру, сондай-ақ, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап беру реформаның табысты жүзеге асырылуына септігін тигізеді», - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Сонымен қатар, Медициналық сақтандыру қоры жуық арада жеке байланыс орталығын іске қоспақ. 1406 бірыңғай байланыс орталығы сарапшылары халыққа медициналық көмек пен сақтандыру жарнасына қатысты жан-жақты мәлімет беріп, жұртшылықтан түскен арыз-шағымдармен айналысады.

Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің қаржы операторы болып табылады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика