пятница, 30 сентября, 2022
icon
476.89
icon
462.2
icon
8.31
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
2oC
Подпишитесь на нас:
Фридом Финанс
Биржа kase признала АО «Фридом Финанс» победителем в 6 номинациях по итогам 2021 года
ffin.kz
KazTimes Редактор
24 августа, 2019, 19:45

Қызылорда облысында Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы аталып өтті

Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы мен Жиенбай жыраудың туғанына 155 жыл толуына орай Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округінде ақын-жыраулар фестивалі мен спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Қызылорда облысында Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы аталып өтті

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

«Қызылорда облысын ежелден бастап «Жыр елі» деп атайды,оның бір себебі – «жүз жыраудың мекені», ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтың құрметіне аталған Тұрмағамбет ауылы. Кішкене ғана ауылдан бір ғана Сәлима Жұмабекова апамыздай Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана шығуының өзін мақтан етуге болады. Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған ақындар Құланбай Көпішов, Әбдікәрім Ахметов, Мағираш Сәрікова, жазушылар Нәсреддин Сералиев, Адам Мекебаев, Раушанбек Бектібаевтар, журналистер Мырхы Исаұлы, Әбілахат Жанаділов, Шакизада Құттаяқовтар бірі қазақ әдебиетіне, бірі журналистикаға еңбегі сіңген тұлға, өңірге ғана емес, елге танымал қаламгер ретінде есте қалды. Қазіргі таңда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында игі үрдістер жалғасын тауып келеді, көптеген әлеуметтік және бизнес нысандары салынуда», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Мерекелік шара аясында ауылда Алматы, Тараз және облыстың барлық аудандарынан арнайы келген ақындардың қатысуымен республикалық мүшайра ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шиелі ауданынан келген Ержігіт Бекжан, екінші орынды қызылордалық Тұрар Бекмұрзаев, үшінші орынды Тұрмағамбет ауылының тұрғыны Гүлжанат Қадырбекова иеленді.

Сондай – ақ, «Жыр жампозы-Жиенбай» жыр фестивалі, волейболдан турнир, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.

Осы күні Тұрмағамбет ауылында тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін шағын зауыт ашылды. Кәсіпорында айран, балмұздақ, сүзбе, қаймақ және пакеттелген сүт өндіреді. Зауытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Что думаете об этом?
Написать комментарий
Последние новости
14:44
Застрявшая на границе казахстанка: «Российские полицейские берут 300 тыс за сопровождение» Застрявшая на границе казахстанка: «Российские полицейские берут 300 тыс за сопровождение»
14:30
Хозяйку гостиницы убили в Кызылординской области Хозяйку гостиницы убили в Кызылординской области
14:16
Казахстанцам обещают потепление в выходные Казахстанцам обещают потепление в выходные
14:00
20 000 тенге теперь будет с новым дизайном 20 000 тенге теперь будет с новым дизайном
13:00
В российском городе Кызыл полицейские задерживают вышедших на митинг женщин В российском городе Кызыл полицейские задерживают вышедших на митинг женщин
12:47
Самому пожилому казахстанцу исполнился 121 год Самому пожилому казахстанцу исполнился 121 год
12:33
«Многие об этом мечтали»: Астанчанин «повалил» столбы LRT «Многие об этом мечтали»: Астанчанин «повалил» столбы LRT
12:19
Железную дорогу в Китай намерены проложить из новой области в Казахстане Железную дорогу в Китай намерены проложить из новой области в Казахстане
12:05
Эрдоган внимательно наблюдает за событиями в Казахстане Эрдоган внимательно наблюдает за событиями в Казахстане
11:52
Токаев: «Решение об образовании Абайской области не было случайным» Токаев: «Решение об образовании Абайской области не было случайным»
11:38
Российский политик обеспокоился положением русских в Казахстане Российский политик обеспокоился положением русских в Казахстане
11:24
«Своих поэтов не знаем»: Грубые ошибки на остановках возмутили павлодарцев «Своих поэтов не знаем»: Грубые ошибки на остановках возмутили павлодарцев
11:10
Работодатели стали просить казахстанцев уволиться по собственному желанию Работодатели стали просить казахстанцев уволиться по собственному желанию
10:56
Лучший друг бывшего мужа изнасиловал павлодарку Лучший друг бывшего мужа изнасиловал павлодарку
10:42
Вопросы развития банковской сферы обсудили председатели центральных банков стран ЕАЭС Вопросы развития банковской сферы обсудили председатели центральных банков стран ЕАЭС
Смотреть все
Читайте также: Смотреть все
Эксклюзив
Интервью и мнения