среда, 15 января 2025 г.
icon
530.24
icon
543.97
icon
5.16
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-10oC
×

Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті

Бүгін Елордада «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы аясында қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті. Онда Америка Құрама Штаттары жастар ұйымдары өкілдері мен қазақстандық жастар өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Екі күнге жалғасқан жиын Қазақстан мен АҚШ жастары арасында қарым-қатынас орнату, екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. 

Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, «Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвит М.Валера, MIT университеті қызметкері, жас белсенді Челси Конард, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Кәрібек Дәулет және т.б. белсенді жастар қатысып, сөз сөйледі.

Екі ел жастары өздерін қызықтыратын түрлі бағыттар бойынша пікір алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.  

«Екі ел жастарын біріктірген бүгінгі форум өте ерекше өтіп жатыр. Тәжірибе алмасу мақсатында келген соң, сіздерге маңызды ақпарат айтқым келеді. Егерде АҚШ-та волонтерлықпен айналысамын десеңіз, бірнеше құндылықтарды білген дұрыс. Біріншіден, өз ісіңізге деген адалдық. Екіншіден, тәжірибе алмасу мақсатында келетін болғандықтан, ерікті өзінің нені білгісі келетінін анық айту. Үшіншіден, ерікті кез келген өзгерістерге дайын болған жөн. Себебі, әртүрлі проблемалар кездесіп жатады. Осы бірнеше құндылықтарды ұстанып жұмыс жасайтын болса, ешқандай кедергілер орын алмайды», - дейді MIT университеті қызметкері,  жас белсенді Челси Конард.

Жиын соңында қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Bolashaq» Қауымдастығы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Kazakhstan Trade Council»  үшжақты меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ «Jas Otan» және «Indiana University Fencing Club», «Астана Жастары» және «Words Can Soar» халықаралық ұйымы арасында меморандум жасалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0