+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
20.08.2019 в 17:56

Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында «Бюджетке қатысу»жобасы бойынша брифинг өтті.

Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді Фото взято с сайта iz.ru

Open Almaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 19 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды іріктейді және 20-29 қыркүйек аралығында тұрғындардың дауыс беруі өтеді, онда жеңімпаз жобалар анықталады.

Бюджетке қатысу немесе партисипативтік бюджет – бұл азаматтардың қатысуымен әзірленген жергілікті бюджет. Қала тұрғындары бюджеттік үдерістің барлық сатыларында - жоспарлау, талқылау және мониторинг сияқты басым мәселелер бойынша қаржылық шешімдерді қарауға және қабылдауға үлес қосады.

Алғаш рет партисипативті бюджет 1988 жылы Бразилиядағы Порт-Алегри қаласында енгізілді. Азаматтар қалалық бюджетті бөлуге қатысты. Партисипативтік бюджет Порт-Алегри қаласына инфрақұрылым, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй жағдайлары бөлігінде өмір сүру жағдайын жақсартуға көмектесті. БҰҰ бұл процесті «оң тәжірибе» үлгісі ретінде таныды. Дүниежүзілік банк партисипативті бюджетті қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша құралдар жиынтығына қосты.

Бүгінде партисипативті бюджет Нұр-Сұлтан, Париж, Лондон, Сеул, Мәскеу, Киев, Лейпциг және Ош қаласында қолданылады.

Алматыдағы бюджетке қатысуыдың мақсаты - қала тұрғындарының ұсыныстары мен бастамалары негізінде мегаполис аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Жоба ұсынысының авторы Қазақстан Республикасының азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам бола алады.

Жобалық ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы беріледі. Ол үшін өтінімді толтыру қажет (жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету), жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде қоса тіркеу қажет (шамамен алынған болуы мүмкін). Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша ағымдағы жағдайының фотосуреттерін және презентацияларды қоса аласыз.

Бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Іске асыруға рұқсат беру үшін жоба Алматы тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.

Жобалық ұсыныстар мынадай критерийлерге сай болуы тиіс: бір автор - бір өтінім - бір объект;

жалпы пайдалану объектісі; объект оны іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы тиіс; әкімдіктің құзыреті шегінде болу және т. б.

Мынадай жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды: құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізбей ЖСҚ әзірлеуге ғана есептелген; фрагментті (болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап ететін); Алматы қаласын дамыту бағдарламасына және ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін; коммерциялық сипаттағы және т. б.

Аудандық әкімдіктердің сараптау комиссиялары жобалардың Тәртіп талаптарына, ҚР заңнамасының талаптарына, Алматының даму бағдарламасына сәйкестігіне іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ пилоттық жобаның іске асырылу қорытындысын қарайды.

Аудандық әкімдіктің сараптау комиссиясының дербес құрамын аудан әкімі қалыптастырады және бекітеді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика