пятница, 24 января 2025 г.
icon
522.42
icon
543.89
icon
5.28
Алматы:
icon
-11oC
Астана:
icon
-23oC
×

Жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлаған жоба

«Zhas Projeсt» жобасы бойынша Ақжайық ауданындағы 92  қыз-жігітті қамтыған 30 жоба жүзеге асуда. Олардың ішінде құс фермалары, наубайхана, иппотерапия, саумал өндіру, жылжымалы 3D кинотеатр секілді кәсіп көздері бар.  

Жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы мемлекеттен берілген мүмкіндікті мүлт жібермегеннің бірі - Бексұлтан Мақсотов. Команда құрамындағы оның зайыбы Назерке Бижанова, Ақмарал Серікова  бар оның бизнес жоспары мал шаруашылығына қарай  бағыттады. Алдымен ол қолға тиген гранттың жарты қаражатына екі  бұзаулы сиыр  сатып алып, өз үйінің аумағынан малға қора салды.

Жобаның талаптарына сәйкес, жас кәсіпкерлер енді әлжуаз топтағы 14 отбасын 6 ай бойы сүтпен тегін қамтамасыз  етіп  тұрмақ.  Бексұлтанның  зайыбы  Назерке екі сиырдан күніне 10 литр сүт алады. Сауылған сүтті күніне екі отбасына таратады, осылайша  бір аптада 14 отбасын қамтиды.

Келесі үздік  жобаның бірі – «Тюнинг»  аутотігін жобасы. Топ жетекшісі Ерлан Шалғынбаевтың айтуынша, олар аутокөлік салонын қаптаумен, безендірумен айналыспақ. Лунара Сағындықова мен Меңсұлу Мұқанғалиеваны  бастаған  Ерлан  Саттарбекұлының  бұл  қадамы аудан үшін тың жаңалық болды. Өйткені мұндай кәсіп ауданда алғаш рет қолға алынып отыр.

Қаржының бір жартысын иеленген олар бүгінде Чапаев ауылында тұрғындарға  үйден  қызмет  етуде. Орал қаласынан бірі 255 мың, екіншісі 175 мың теңге тұратын арнайы тігін машиналарын әкелді. Аутокөлік салондарын  жаңартуға  қажетті материалдардың бірнеше түрін сатып алды.

Бұл  жастар да 6 ай  бойы  осы  округтегі 18 отбасыға  осындай көмек көрсететін болды. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандары бар жанұяларға басымдық бермек.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0