+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.08.2019 в 19:21

БҚО-да жас дәрігерлерге жағдай жасалуда

Биыл Ақ Жайық өңірінің денсаулық сақтау саласына 145 жас маман келеді деп жоспарлануда. Солардың 75-і ауыл-аудандарға барып жұмыс істейді. Қазіргі таңда солардың біразы келіп жұмыстарына кірісті.

БҚО-да жас дәрігерлерге жағдай жасалуда

Бүгінде Орал өңірінде жалпы тәжірибелік мамандар, акушер-гинеколог, реаниматолог, анестезиолог, кардиолог мамандар тапшы. Осынау мәселені шешу бағытында жергілікті атқарушы билік тарапынан тиісті шаралар алынуда. Мәселен, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы 93 грант бөлінсе, соның 25-і медициналық мамандықтарға оқуға бағытталды. 25 мектеп түлегі осы грант есебінен Ақтөбедегі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде оқуда.  Биыл да осыншама жас түлек медуниверситеттерге оқуға жолданбақ.

Сонымен қатар аудан-ауылға барған жас дәрігерлерге нақты қолдау да көрсетілуде. Өткен жылы өңірге келген 64 маманның тең жартысы ауылдарға жолданып, бүгінде олардың әлеуметтік жағдайы біраз реттелді.

 Айта кетейік, биылғы мамыр айында БҚО мәслихатының тиісті шешімімен ауыл-аудандарға барып, жұмыс істейтін жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ереже бекітілді. Осы ереже талаптарына сәйкес ауылға жұмысқа барған әр жас маманға 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек пакетін беру жоспарланған. Алдағы мәслихаттың сессиясында бұл мақсатқа бюджеттен қаржы сұралмақ. Яғни шалғайдағы ауылдарға жұмысқа баратын 75 жас дәрігерге 75 млн. теңге бюджеттен қаржы бөлу мәселесі шешілмек.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жұмысқа барған дәрігерлердің әрқайсысына 176 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беріледі. 3,8 млн. теңгеге жуық қаражатқа әр жас маманға үй салуға немесе сатып алуға қолдау көрсетілуде. Өткен жылы қазына қаражаты есебінен 11 маманға тұрғын үй беріліп, 20 адамға көтерме жәрдемақы төленген болса, биылғы жылдың алты айында 96 маманға 16 млн. 970 мың  теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. 48 маманға 173 млн. теңге көлемінде тұрғын үй  сатып алуға қаржы бөлінді», — деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айзада Шүкірғалиева.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика