среда, 5 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-8oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қызылорда облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Қызылорда облысында 14 пен 28 жас аралығында 176 746 жас бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.

Фото mediaovd.kz сайтынан алынды
Фото mediaovd.kz сайтынан алынды

Өңірдегі 176746 жастың 72 614-і яғни 41 пайызы Қызылорда қаласында тұрады. Бүгінде 101100 жас экономикалық белсенді азамат ретінда танылған. Оның 4200-ы жұмыссыз ретінде тіркелген.

«Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен 4,2 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ, NEET санатына жататын, жұмыста немесе оқуда жоқ жастардың деңгейі 8,3 пайызды құрап, көрсеткішіміз Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шымкент қаласынан кейін 5 сатыда тұр»,— дейді Қуаныш Жанұзақов.

Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысушы ретінде 5390 жас енгізілген, оның 3234-і ауыл жасы.

Қызылорда облысында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санын қысқартуға ықпал жасау, өңірдің жалпыөңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін күрт ұлғайту мақсатында Сыр өңірінде өткен жылы Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығы  жарияланғаны белгілі. Аталған саланы қолдау мақсатында биыл арнайы Жол картасы әзірленіп, оған әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд теңге бағытталады деп жоспарлануда. Оның 5 млрд теңгесі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелер мен мемлекеттік гранттар беруге бағытталып отыр.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметі бойынша, аталған қаражаттар есебінен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында шағын несиелендіру үшін 3,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде ауылдық жерлерге  – 3 210,476 млн теңге, Қызылорда қаласына – 299,49 млн теңге. Ал несиелерді кепілдендіру үшін 220,9 млн теңге бөлінді. Жалпы, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында аталған бағдарлама аясында шағын несиені барлығы 153 адам алды. Бұған қоса, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін осы жылға 1 млрд 50 млн теңге (оның ішінде субсидиялауға – 900,619 млн теңге, кепілдендіруге – 119 млн теңге, гранттық қаржыландыруға – 31 млн теңге) бөлініп, шағын және орта бизнестің 216 субъектісіне қаржылай қолдау көрсетілді. Атап айтсақ, биылғы жыл басынан бері жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын 91 жоба субсидия­лау үшін мақұлданды. Сонымен қатар, 41 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жалпы құны 432 млн теңге көлемінде кепілдіктер берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0