+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.08.2019 в 20:58

«Бизнестің жол картасы – 2020»: Қызылорда облысында табысты кәсіпкерлер көбеюде

Бүгінде Сыр өңірінде кәсіпкерлік қанатын кеңге жайған. Соның айқын дәлелі Қызылорда облысы өткен жылы «Бизнеске қолайлы үздік аймақ» номинациясын жеңіп алған болатын. Кәсіпкерліктің жетістігі ретінде мысалға Қармақшы және Шиелі аудандарын айтуға болады.

«Бизнестің жол картасы – 2020»: Қызылорда облысында табысты кәсіпкерлер көбеюде

Шиелі ауданындағы Ақмая ауылында тігін ісін бизнес көзіне айналдырған кәсіпкер тұрады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 450 мың теңге қайтарымсыз грант алған шиелілік Камила Бисариева бұл кәсіппен ерте кезден айналысады.

«Тігін тігу, қолөнермен айналысу ісіне бала кезден қызығатынмын. 22 жасымнан басталған бұл кәсіп қазірге дейін жалғасып келеді. Алғашында ісімді жүргізу үшін 4 тігін машинасын алдым. Әзірге екі қызметкерді жұмыспен қамтып отырмын»,—дейді ол.

Камила Бисариева түрлі пішіндегі көрпешелерді, қыз жасауын және мектеп формаларын тігеді. Кәсіпкер тігінге қажетті маталар мен жабдықтарды аудан орталығынан алдыртады. Қызметіне алатын қаржысы да қалтаны қақпайды. Сондықтан да кәсіпкердің ісіне қызығатындар көп.

Соңғы жылдары кәсіп ашқандар саны Қармақшы ауданында да еселенген. Солардың бірі – Бауыржан Алпысбайұлы.

Бүгінде ол аудан орталығынан көлік жөндеу орталығын ашқан. Бала күнінен техника тілін меңгерген маманның ісі ілкімді. Осыдан 4 жыл бұрын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 6 миллион теңге несие алып, «АНС» атты орталық бой көтерген-ді. Аудандағы аса күрделі деген жүйелі жөндеулерді жүргізетін ТЖО қызметіне тұрғындар да дән риза. Сондай-ақ аталған нысанда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда елімізде мейрамхана бизнесі күннен күнге дамып келеді. Алайда солардың ішінде сұранысқа ие болу мен сапа мәселесіде өзекті. Себеп тұтынушы талғамы басты орында. Осындай мүдделер тоғысынан шыққан нысанның ғана қашанда бәсі жоғары болмақ. Қармақшыдағы «Мәлика Ана» мейрамханасы тұрғындардың талғамынан шығып отырған таңдаулы орындардың бірі. Аталған орталық 2011 жылы бой көтерген болатын. Кәсіп иесі Жанар Бұқпанова «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде тойханаға күрделі жөндеу жүргізген. Бүгінде жаңарған, жайлы мейрамханаға тапысырыста көп. Халыққа қолайлы бағада қызмет етіп отырған кәсіпкерлік нысанында 20 тұрғын еңбек етуде.

Бүгінде Сыр өңірінде кәсіпкерлік қанатын кеңге жайған. Соның айқын дәлелі Қызылорда облысы өткен жылы «Бизнеске қолайлы үздік аймақ» номинациясын жеңіп алған болатын. Мысал ретінде Қармақшы және Шиелі аудандарын айтуға болады.

Шиелі ауданындағы Ақмая ауылында тігін ісін бизнес көзіне айналдырған кәсіпкер тұрады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 450 мың теңге қайтарымсыз грант алған шиелілік Камила Бисариева бұл кәсіппен ерте кезден айналысады.

«Тігін тігу, қолөнермен айналысу ісіне бала кезден қызығатынмын. 22 жасымнан басталған бұл кәсіп қазірге дейін жалғасып келеді. Алғашында ісімді жүргізу үшін 4 тігін машинасын алдым. Әзірге екі қызметкерді жұмыспен қамтып отырмын»,—дейді ол.

Камила Бисариева түрлі пішіндегі көрпешелерді, қыз жасауын және мектеп формаларын тігеді. Кәсіпкер тігінге қажетті маталар мен жабдықтарды аудан орталығынан алдыртады. Қызметіне алатын қаржысы да қалтаны қақпайды. Сондықтан да кәсіпкердің ісіне қызығатындар көп.

Соңғы жылдары кәсіп ашқандар саны Қармақшы ауданында да еселенген. Солардың бірі – Бауыржан Алпысбайұлы.

Бүгінде ол аудан орталығынан көлік жөндеу орталығын ашқан. Бала күнінен техника тілін меңгерген маманның ісі ілкімді. Осыдан 4 жыл бұрын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 6 миллион теңге несие алып, «АНС» атты орталық бой көтерген-ді. Аудандағы аса күрделі деген жүйелі жөндеулерді жүргізетін ТЖО қызметіне тұрғындар да дән риза. Сондай-ақ аталған нысанда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда елімізде мейрамхана бизнесі күннен күнге дамып келеді. Алайда солардың ішінде сұранысқа ие болу мен сапа мәселесіде өзекті. Себеп тұтынушы талғамы басты орында. Осындай мүдделер тоғысынан шыққан нысанның ғана қашанда бәсі жоғары болмақ. Қармақшыдағы «Мәлика Ана» мейрамханасы тұрғындардың талғамынан шығып отырған таңдаулы орындардың бірі. Аталған орталық 2011 жылы бой көтерген болатын. Кәсіп иесі Жанар Бұқпанова «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде тойханаға күрделі жөндеу жүргізген. Бүгінде жаңарған, жайлы мейрамханаға тапысырыста көп. Халыққа қолайлы бағада қызмет етіп отырған кәсіпкерлік нысанында 20 тұрғын еңбек етуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика