четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
515.97
icon
537.8
icon
5.25
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-13oC
×

Сыр елінде бизнес-идеялар бәсекесі басталды

Қызылордада 16 мен 29 жас аралығындағы жастар арасында «Kyzylorda Business Hub» атты стартап жобалар байқауы өз жұмысын бастады. Бизнес-жобалар сайысы биылғы «Жастар жылына» орай өткізілуде. Ауқымды шараны Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті  бірлесе ұйымдастырып отыр. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты – оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау керектігі айтылған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырушылар осы бағдарламаны негізге алды.  

«Бұл байқаудың негізгі мақсаты – аймақтағы  жас кәсіпкерлердің өмір сапасының стандарттарын жақсартып, білім мен технологияларды елдің әлеуметтік-экономикалық дағдысына енгізуге бағытталған әлеуметтік маңызы жоғары бизнес-бастамаларға қолдау көрсету», - дейді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов.

Жаңа жобалардың барлық даму кезеңдерінде идеяны құрастыру мен оны кәсіпке айналдыруға дейін қолдау көрсетумен айналысатын бизнес-инкубатор жетекшісі аталған шараның кәсіби тұрғыда дамуға септігі тиетінін жеткізді.

Байқау ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан аралығында өтеді. Стартап жобалар байқауы үш кезеңнен тұрады. Бірінші «StartUp Weekend» кезеңі қыркүйек-қазан айларында жүргізілерді. Бүгінде аймақтың әр ауданында өтінімдерді қабылдау және іріктеу жұмыстары жасалып жатыр. Ал, «Camp-Work» деп аталатын екінші кезеңде аудандардан озып шыққан қатысушылар арнайы шақырылған бизнес-тәлімгерлермен бірге жұмыс істеп, жобаларын қорғайды. Үздік деп танылған жұмыстар байқаудың жартылай финалында үш күндік бизнес лагеріндегі тренингтен өтуге мүмкіндік алады. Жартылай финал, яғни, «Camp-Work» қараша айына жоспарланған. Бизнес-идея ұсынатын авторлардың жұмыстары жаңалығы мен ерекшелігі, әлеуметтік маңыздылығы, экологиялық әсері, тудыратын жұмыс орнының саны, күтілетін тәжірибелік нәтижелер мен мақсатты аудиториясы, бәсекелестіктің болуы сынды критерийлер бойынша бағаланады. Ұйымдастырушылар тарапы бұл байқауға түсетін өтінімдердің саны 500-ден кем болмайды дейді. Финалдық сайыста барлық жұмыстың ішінен 50 жоба іріктеледі. Ал, облыстық «Demo Day» байқау финалы желтоқсан айында өтеді деп жоспарлану үстінде. Дәл осы кезеңде жеңімпаз атанған бизнес-идеялар әлеуетті инвесторлар тарапынан қаржыландырылатын болады. Қорытынды кезеңде инвесторлар үздік жобаларды қаржыландыруға арналған грант мөлшерін жұмыстың жүзеге асу мүмкіндігіне қарай бөледі. Мұндай жобаны ұйымдастыру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жасалған үлкен мүмкіндік, - дейді жас кәсіпкерлер.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0