четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
515.97
icon
537.8
icon
5.25
Алматы:
icon
-9oC
Астана:
icon
-9oC
×

Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында 24 жоба іске асырылды

Индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында Қызылорда облысында 24 жоба іске асырылып, нақты 1442 жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылдың 7 айында іске қосылған 24 жобаның 18 жоспарлы қуаттылықты 90-100% игерді.

Фото 24.kz сайтынан алынды
Фото 24.kz сайтынан алынды

Мемлекеттік бағдарлама бекітілген индустрияландырудың 6 басым бағыты бар, олар: металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдарын шығару және тамақ өнеркәсібі.

Бүгін бірінші болып Арал мен Қазалы аудандарының индустриалды даму мәселесі талқыланды. Алдағы уақытта «Индустриалды даму» бағыты бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері де хабарлама жасайтын болады.

Облыс халқы бірінші бесжылдықта Арал, Қазалы аудандарында іске қосылған тауарлы сүт фермасы, ас тұзы, балық өңдеу сияқты зауыттардың игілігін көруде. Сол кәсіпорындарда жұмыс істеп, отбасын асырап, бірқатары республикалық конкурстарда жүлделі орындарды иеленіп, облыстың имиджін көтеруде.

Десек те, бірқатар мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді.

«Индустрияландыру бағдарламасы аясында Арал мен Қазалы аудандарында атқарылған жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажет. Индустрияландыру бағдарламасы мен индустриялық аймақтар жұмысында бірқатар кемшіліктер орын алып отыр. Сондықтан жұмысты жандандырып, жыл соңына дейін индустриялық аймақтарды толтыру бойынша бекітілген межені игеруге жұмыс істейік. Арал, Қазалы аудандары бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын талап етемін»,-деді облыс әкімі Қ.Ысқақов

Мәжілісте шикізаттық емес секторды дамыту басты назарға алынғаны айтылды. Оған қоса, биылдан бастап республикада өңдеу өнеркәсібінің ішкі салаларын дамытуға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.

Сонымен қатар, мәжілісте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев пен облыстық кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Әділбек Бекішов индустрия бағытындағы жобалардың іске асырылуы туралы баяндады.

Аймақ басшысы: «Біздің бүгінгі мақсатымыз партиялық тыңдауда өзекті мәселелердің барлығын көтеріп, оларды шешу үшін нақты шешімдер қабылдау»,-деп қорытындылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0