четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-10oC
Астана:
icon
-7oC
×

Аудан медицинасындағы жаңа мүмкіндіктер: «Денсаулық» бағдарламасы Қызылорда облысында өз нәтижесін көрсетуде

Қызылорда облысында емдеу мекемелерінің көбісі заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Фото aikyn.kz сайтынан алынды
Фото aikyn.kz сайтынан алынды

Кешенді медициналық ақпараттық жүйе аясында аймақ дәрігерлерінің 85 пайызы компьютермен қамтылып, медұйымдардың 90 пайызы ғаламторға қосылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай өңірдің ақ халаттылары қағазсыз құжат айналымына көшіп, сырбойылықтардың электронды денсаулық паспорты даярланды.

Бүгінде қуанатындай жаңалық. Республика бойынша аудан деңгейінде ашылған бірінші орталық пайда болды. Қарапайым тілде айтатын болсақ, инсульт пен инфаркт алған ауруларды дер кезінде емдеп жіберуге таптырмас құрал. Медицинада «алтын сағат» деген термин бар. Ол - инфаркт, инсульт алған науқастарға алғашқы 1 сағат көлемінде ем жасалатын болса, науқастың тез сауығып кетуіне мүмкіндігі мол болады. Олардың өмірін сақтап қана қоймай, ұзартуға септігін тигізеді.

Аймақтың көлбеу орналасуы, оңтүстігі мен солтүстік аудандарының аралығын 800 км қашықтық құрайтындығы ескерсек, Қызылордадан 300-500 км қашықтықта жатқан Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының және Байқоңыр қаласының науқастанған тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қаншалықты тиімді және уақытылы екендігін байқауға болады.

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде алғашқы 4 науқасқа жасалған ота сәтті өтті. Жыл аяғына дейін 160 науқасқа короноангиография, 50 науқастын жүрек артериясына стенд қою жоспарланып отыр. Бұл әрине жоспар, ал жедел медициналық көмек қажет ететін науқастарға жол ашық.

Сыр дәрігерлері жалпы 2018 жылды оң көрсеткіштермен аяқтаған болатын. Облыстық медициналық орталықтың инсульт бөлімі республика бойынша үздік атанды.

Қазалы ауданында 2018 жылы пайдалануға берілген жаңа аурухана. Ангиограф қондырғысында жұмыс жасайтын маман- дәрігер Баспаев Кенесары Айтуғанұлы 2 жыл көлемінде, арнайы Алматы мен Қызылорда қаласында болып, білімін жетілдіріп, тәжірибеде жұмыс жасады. Жас маман, өзге жаққа кету ойында жоқ. Биылғы жылы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен үй алу жоспарын жасап отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0