+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.09.2019 в 13:35

Қызылордалықтардың несие берешектері кешірілуде

Үстіміздегі жылдың 30 шілдесінде екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша берешектерін есептен шығару жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының директоры Әсет Мұстафин мәлімдеді.

Қызылордалықтардың несие берешектері кешірілуде

«Қызылорда облысында 56 600 адамға 1 419 миллион теңге көлемінде айыппұл мен өсімпұл есептен шығарылды. Ал Республика бойынша 1,2 миллион адамның 33 млрд.теңге көлеміндегі қарыздары тіркеуден алынды. Оның 70 пайызы банктер мен микроқаржылық ұйымдар қаражаты есебінен шығарылса, 30 пайызы Ұлттық банктің қаражаты есебінен өтелді», — деді Әсет Мұстафин.

Президент Жарлығы сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша біржолғы тәртіппен көмек көрсетілді. Бұл санатқа: көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, атаулы мемлекеттік көмек алатындар және жетім балалар, 29 жасқа толмаған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.

Осы ретте қарыз жүктемесінің өтелгендігі туралы ақпаратты enbek.gov.kz, egov.kz сайтына кіріп, өз ЖСН енгізу арқылы білуге болады. Сондай-ақ, 111 біріңғай нөмеріне хабарласу қажет. Егер көрсетілген нұсқаулық бойынша қажетті ақпарат ала алмаған жағдайда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне немесе Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көмегіне жүгіне аласыз.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика