Қызылордалық мұғалім математика сайтын жасап шығарды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша математика сайтын жасап шығарды.

Қызылордалық мұғалім математика сайтын жасап шығарды

«Nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, әртүрлі типті тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру бағытында түрлі тақырыптағы мақалалар, бейнесабақтар мен 600-ге жуық үш тілді математикалық терминологиялық сөздіктер мен оқулықтардың электронды нұсқалары жүктелген.

«Бұл жұмысты 2018 жылы бастадым. Алғашқыда тек кітаптар мен тест жұмыстарынан құралған бұл платформа кейін әріптестердің ұсыныстары бойынша басқа да мүмкіндіктер мен толықты. Мектептің өткен жылғы түлегі Арман Әлішер сайт логотипін жасауға көмектессе, биылғы 12-сынып оқушысы Нұрбол Бижігіт сайттың мобильді қосымшасын дайындауға атсалысты», — деді жас математик.

Қазіргі таңда сайттың тұрақты қолданушылар саны 1000-нан асады. Күнделікті 200-300 адам бұл платформаны пайдаланады екен. Алдағы уақытта жоба авторы сайт контентін толықтырып, өңірдегі ұстаздарға таныстыру арқылы аудиторияны кеңейтуді көздейді.

Loading...
Жанар Муканова -  вторник, 19 октября в 02:13
Оазис в центре Казахстана
Редактор -  воскресенье, 17 октября в 04:58
«Игра в кальмара» по-казахстански
Айнур Оразбекова -  пятница, 15 октября в 03:50
Новая пятилетка – старые проблемы: Шымкент и его 15 акимов
Жанар Муканова -  воскресенье, 10 октября в 10:26
Специфика деревенских доходов в глубинке Северного Казахстана
По теме:

19 октября, вторник