Қызылордалық жастар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады

Қызылордалық 900 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Еркінбек Байболов мәлімдеді.

Қызылордалық жастар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады

«Күзгі мерзімді әскери қызметке 900-ге жуық сыр бойылық жас өрен аттанады деп күтілуде. Оның ішінде 300-ге жуығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, 300-ге жуығы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Ұланына, 200-ге жуығы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне шақырылуда. Сондай-ақ 15 жас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Күзет қызметінде отан алдындағы борышын өтейтін болады» - деді департамент бастығы Е.Байболов.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер мен басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру 100%-дан аса орындалып, 800-ден аса азамат әскерге аттанған болатын.

Іріктеу кезінде дене дайындығы, эмоциялық тұрақтылыққа баса мән беріледі. Сондай-ақ үміткерлер психологтың тексеруінен өтеді. Денсаулық жағдайына байланысты және отбасының жалғыз асыраушысы болып танылатын азаматтар әскерге шақырылудан босатылады.

Loading...
Жанар Муканова -  вторник, 19 октября в 02:13
Оазис в центре Казахстана
Редактор -  воскресенье, 17 октября в 04:58
«Игра в кальмара» по-казахстански
Айнур Оразбекова -  пятница, 15 октября в 03:50
Новая пятилетка – старые проблемы: Шымкент и его 15 акимов
Жанар Муканова -  воскресенье, 10 октября в 10:26
Специфика деревенских доходов в глубинке Северного Казахстана

21 октября, четверг