понедельник, 28 ноября, 2022
icon
465.38
icon
483.58
icon
7.69
Алматы:
icon
-11oC
Астана:
icon
-15oC
Подпишитесь на нас:
KazTimes Редактор
26 сентября, 2019, 09:30

Асқар Мамин Байқоңырдағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап шықты

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Асқар Мамин Байқоңырдағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап шықты

Жұмыс сапары барысында ол Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.  «Союз МС-15» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы  газдандыру жұмыстарымен танысты.

Асқар Ұзақбайұлына Байқоңыр қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндады.

Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі бес үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыстың жалпы аумағы-15,7 мың шаршы метр, мұнда 250 пәтер бар. Үйлер орталық су және кәріз жүйесіне қосылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Қазіргі уақытта  баспана кезегінде тұрған Байқоңырдағы ҚР азаматтарына пәтер берілуде»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, «Қызылорда облысын газдандыру және жаңа активтер құру» инвестициялық жобасын іске асыру аясында Байқоңыр қаласын «Бейнеу – Шымкент» газ құбырына қосу және Байқоңыр қаласының жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінде қазақстандық әлеуметтік нысандар мен бой көтерген 5 көп қабатты тұрғын үй газ желілеріне қосылған. Тұтынушылар үшін газ бағасы-20,90 тг м3.

Премьер-министрге «Байқоңыр» кешенінде еркін экономикалық аймақ құруға байланысты  атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды. 

Қызылорда облысына жұмыс сапарының соңында ҚР премьер – министрі «Союз МС-15» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы шарасына қатысты.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:
Написать комментарий


Эксклюзив
Интервью и мнения