среда, 15 января 2025 г.
icon
530.24
icon
543.97
icon
5.16
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-10oC
×

Қызылордада өткен «Музей түні: Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы іске асуда

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалының ұйымдастыруымен «Музей түні» шарасы өтті. «Музейлер шеруі» жобасы аясында өткізілген мәдени-мерекелік шара барысында жергілікті уақыт бойынша 20.00 мен 03.00 аралығы ашық есік күні деп жарияланды. Ашық есік күніне келген қатысушылар қарасы көп болды. «Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 30 тамызынан басталған болатын.

«Бұл жобаның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау, музей қорындағы дүниелерді насихаттау, көпшіліктің назарын музейге аудара отырып, халықтың тиімді уақыт өткізуіне ықпал ету. «Музей түні» – әлеуметтік маңызы бар акция. Өйткені, мұндай шаралар өткен тарихымызға көз жүгіртіп, бүгінімізді бағалауға ғана емес, халықты бір арнаға топтастыруға бағытталған», — дейді ұйымдастырушылар.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған бұл шараға қылқалам шеберлері, өнерпаздар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, студенттер мен құнды жәдігерлердің жанашыры болған қала тұрғындары қатысты. Мәдени шара барысында Қызылорда облысының тарихын баяндайтын «Ұлы дала төрінде – ұлт ордасы» атты қылқалам шеберлерінің көрмесі қойылды. Сонымен бірге, «Ғажайып самаурындар әлемі» деген атаумен музей қорындағы самаурындар жиынтығынан көрме жасалды. Одан әрі «Абай Құнанбаев – ұлы ақын» тақырыбында поэзия кеші өтіп, музейге келушілер бас ақынның өлеңдерін оқыды. «Біз музейдегі этноауылдамыз» атты арнайы қойылым да «Музей түніне» орай көрсетілді. Шараға қатысушылар музей ауласында «Қазақстан астаналары» атты деректі фильмді тамашалады. Тарихи экспонаттарды аралаумен қатар, көпшілікке арналған концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0