+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
26.09.2019 в 16:29

Қызылордада жас көшбасшылар «Бір Отан» жобасының жүзеге асыру мәселесін талқылады

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен аймақтық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты көшбасшыларының кездесуі өтті.

Қызылордада жас көшбасшылар «Бір Отан» жобасының жүзеге асыру мәселесін талқылады Фото assembly.kz сайтынан алынды

Оның барысында екі ұйымның бірлескен «Бір Отан» жобасын жүзеге асыру мәселесі қарастырылып, әріптестік бағытты нығайту мақсатында этнос жастары «Jas Otan» жастар қанатының мүшелігіне қабылданды.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап «Жаңғыру жолы» мен «Jas Otan» бірлесе отырып «Бір Отан» жобасын жүзеге асыруды қолға алмақшы.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, жобаның басты мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру, жастар арасында этносаралық қатынастарды дамыту. Жоба аясында 3 бағытта бірлесе жұмыстар атқару уөзделген: Ұлы даланың жеті қыры және Қазақтану бағыты; Спорт – денсаулық кепілі; Таза мекен.

Жиын соңында жас көшбасшылар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылап, Жастар жылын қорытындылау шараларына ұсынстарын енгізді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика