+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.09.2019 в 18:42

«Кәсіпқойдан 20 кеңес»: Қызылордада «Pecha-Kucha» жиыны өтті

Қызылордада «Жастар жылы» аясында «Pecha-Kucha» деп аталатын жиын өтті. Жапондық әдіс бойынша өткен жастардың басқосуында білім, ғылым, кәсіпкерлік, ішкі туризмге қатысты түрлі тақырыптар қозғалды. Жастарды еркін пікір алмасу аймағына шоғырландырған шараның негізгі мақсаты «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі саналатын жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.

«Кәсіпқойдан 20 кеңес»: Қызылордада «Pecha-Kucha» жиыны өтті

«Печа-куча» жапон тілінен аударғанда әңгімелесу деген мағынаны білдіреді. Бұл – баяндамалар мен презентацияларды ұсыну кештерінің өзгеше формасы. Аталған шара Қызылорда облыстық цифрлы технологиялар басқармасының ықпалымен ұйымастырылды.

Жиын барысында химия ғылымдарының кандидаты, ғалым Нұрлыбек Ахатаев «Химиясыз елестету мүмкін емес 20 сала» тақырыбындағы баяндамасын жастардың назарына ұсынды. Ал, «Grand master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат  Қуанышбаев «Хакингтің 20 құралы» жайлы бөлісті. «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының жетекшісі Ерлан Мусаев «Қызылордада баруға тұрарлық 20 орын» тақырыбымен туризм жайлы қозғаса, қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының педагог-ұйымдастырушысы Сәуле Қалыбай «Сатылатын контент жазуға арналған 20 кеңес» деген атаумен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерімен бөлісті. «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының төрағасы, «Көшбасшылар» клубының жетекшісі Сабыржан Кеңшілік жастарға «бақытты болудың 20 қадамын» айтып берді. Ал, студент әрі «Tubekbaeff corp.» жеке кәсібінің иесі Жанарыс Түбекбаев білім алушыларға қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз ететін 20 лайфхак жайында кеңес берді. Сонымен қатар, кеш спикері Ердәулет Есмағамбет «Кітап оқып кету үшін 20 кеңес» тақырыбымен жастарды қызықтыра білді.

«Печа-куча» мені ерекше таң қалдырды. Себебі, бұл жиынның басқа кездесулерге қарағанда өзгешелігі көп, форматы мүлдем басқаша. Спикерлер де айтатын ойын белгілі бір уақытқа сыйдыруы тиіс. Мұндай бейресми конференциялардың жастар үшін берері мол екеніне көзім жетті. Креативті ойлар, еркін пікір алмасулар жиынға келген әрбір жасқа мотивация бере білді деп ойлаймын. Жастар жылы аясында осындай игі шараларды өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын, — деп пікір білдірді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Бибінұр Өткелбай.

Аталған шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Қазанғап атындағы музыкалық колледждің, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының студенттері және жас кәсіпкерлер мен қала жастары қатысты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика