вторник, 28 января 2025 г.
icon
517.84
icon
543.11
icon
5.28
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-17oC
×

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұғман Жакудаев жүргізді.

Аталған шара Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Маңызды мәселемен күресу бағыты бойынша бұл бағдарлама еліміздің басты стратегиялық құжаты болып табылады.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының негізгі 7 бағыты талқыланды. Атап айтсақ, азаматтардың құқығының қорғалуы, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігі туралы маңызды мәселелер қозғалды. Одан әрі қоғамдық бақылауды күшейту және бюджет саясатының ашықтығы жайлы айтылды. Жемқорлыққа қарсы саясаттағы өңірлердің рөлі де кездесудің ең актуалды тақырыбы ретінде сөз болды. Ал, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін цифрландыру бағыты бойынша басқарма мамандары пікір алмасты. Осы орайда кездесуге қатысушылар 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін тілге тиек етті. Ел экономикасын дамытуда, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда бұл бағдарламаның мүмкіндігі мол екенін жеткізді мамандар.

 Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендетудің мүмкіндіктері де өз кезегінде талқыға салынды. Кездесуде Нұғман Жакудаев облыс көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған бірқатар шараларға да тоқталып өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0