+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.09.2019 в 13:51

Алматы жылу маусымына дайын

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев қаланың энергокешенінің алдағы жылу маусымына дайын екенін айтты.

Алматы жылу маусымына дайын Фото kazlenta.kz сайтынан алынды

Ол өзінің сөзінде Алматы қаласы шаруашылық кешендерінің алдағы жылу маусымына дайындығы белгіленген кесте бойынша жүріп жатқанын жеткізді.

Қаланың барлық энергокешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20 миллиардқа жуық теңге жұмсалды.

Биылғы жылдың 27 қыркүйектегі жағдайы бойынша энергокешеннің жалпы дайындығы 100%-ды құрайды, оның ішінде: жылу желілері - 100% (1222 км); электр желілері – 100% (7642 км); газ желілері – 100% (5095 км); «Алматы Су» МҚК сумен қамту желілерінің дайындығы - 100% (3183 км); білім және денсаулық сақтау объектілері автономды қазандықтарының дайындығы - 100% (білім – 50 нысан, денсаулық сақтау – 16 объект), «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарының (әрі қарай - АТКЭ) дайындығы - 100% (79 қазандық бірлігі). Автономды қазандықтардағы отын қоры - 100% (білім – 2-і көмірмен жанады,50 тонна көмір, 14-і дизельмен жылытады, 3600 тонна, 34-і газбен ысытады; денсаулық сақтау – 2-і диз. отын, 70 тонна, 14 -і газбен жылиды), АТКЭ көмірдің дайындығы - 100% (110 тонна) мазут, 103% (жоспардағы 8,2 тонна орнына 8,5 тонна). Алдағы жылу маусымына дайындық паспорты 2019 жылдың 11 қыркүйегінде алынды.

2019 жылы 9 базадағы көмірдің жоспарланған қоры 245 мың тонна екені тұрғындарға алдын ала хабарланды. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде базалардағы нақтылы отын қоры – 17,5 мың тонна.

Айта кетерлігі, қалада жыл ішінде орта есеппен 50 мың тонна көмір жағылады.Қалған отын (195 мың тонна, бұл жалпы көлемнің 80%-ы) Алматы облысына (Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары) жіберіледі.

Брифинг барысында дебиторлық қарыз туралы да айтылды. Биылғы жылдың 25 қыркүйегінде коммуналдық қызмет үшін дебиторлық қарыз 2,6 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде: 1,75 млрд теңге (67%) – жылу мен ыстық судың қарызы, 226 млн теңге (9%) – суық су мен кәріздің қарызы, 446 млн теңге (18%) – электр жарығының қарызы және 170 млн теңге (7%) газға төленетін қарыз.

Жыл басынан бері қарай жеке сот орындаушыларына жалпы құны 1,164 млн. теңге болатын 4,8 сот шешімі берілген еді, олардың құны 137 млн. теңге болатын 1,2 мың талап (иск) қанағаттандырылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика