понедельник, 27 января 2025 г.
icon
517.84
icon
543.11
icon
5.28
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-14oC
×

Бақытжан Сағынтаев үш шетелдік қонақты қабылдады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 17 қыркүйек күні шетелден келген үш қонақты қабылдады. Оның бірі – Жапониядағы «Challenge Со» компаниясының бас директоры Казуо Сасаки. Екіншісі – Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодт, үшіншісі – Өзбекстанның Алматыдағы бас консулы. Казуо Сасаки мен Бақытжан Сағынтаев алып мегаполистегі жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын жүйені құру және әріптестік туралы әңгімелесті.

Фото express-k.kz сайтынан алынды
Фото express-k.kz сайтынан алынды

Айта кету керек, Казуо Сасаки басқаратын компания осыған дейін Индонезиядағы Ява аралығында тәжірибе ретінде осындай жүйе орнатқан. Сондай-ақ, Румыниядағы үш мектепте дабыл қағатын құрылғы қойыпты.

Бұл кездесуден кейін қала басшысы Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодтпен кездесті. Өз кезегінде, Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі қарапайым ережелерге мән беру керек дейді. Олар: қауіпсіздік белдігін тағу, рөлге ішімдік ішкен жағдайда отырмау және жылдамдықты шектен тыс асырмау. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 18 миллион тұрғыны бар елімізде жылына жол апатынан шамамен 3500 адам көз жұмады екен. Бұл Қазақстанда күн сайын 10 адам бақилық болады деген сөз.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша, жылына әлемде 1 миллион 350 мың адам қайтыс болады екен. 30 бен 50 миллион аралығында адам жарақат алады. Әсіресе 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында өлім көрсеткіші жоғары. Бізге оңай көрінген қарапайым ережелерге мән бермейміз. Егерде сол қағидаларды сақтасақ, онда жантүршігерлік статистикадағы сандарды екі есе азайтуға мүмкіндік бар», – деді Бірікккен ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан ТОДТ.

Өз кезегінде, қалалық полиция департаменті де балаларды абай болуға шақырды. Себебі, соңғы 8 айда жеткіншектердің қатысуымен 681 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 750-і зардап шегіпті. Бұл былтырмен салыстырғанда бір жарым есеге көп дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында жол-көлік оқиғасынан 9 бала көз жұмған. Биыл сақтық шарасы ретінде 80 мектепте жол белгілері қайта жаңартылды.

«Жол қауіпсіздігіне байланысты біз сабақ өткіздік. Осы балаларға жеткіздік. Қалай жол ережесін сақтау керек. Алматы қаласы бойынша қандай статистика бар. Балаларға жеткіздік. Олар мына үйден шыққаннан бастап, осы жол қозғалысына қандай қатынасы бар екенін жеткіздік әр балаға. Қыркүйектің біріннен бастап, отызына дейін «Абайлаңыз балалар!» деген акция өткізіп жатырмыз», – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Әкім сондай-ақ Еліміздегі Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісін қабылдап, Өзбекстанның Алматыдағы бас консулымен кездесті. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 74 пайызға артып, 293 миллион АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда қалада 265 бірлескен және 749 өзбекстандық кәсіпорын жұмыс істейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0