+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
15.09.2019 в 18:48

Қала күнінде Алматыда 1 тонна алма саудаланып, 5 мың кітап тегін таратылды

Қала күнін жаңа алматылықтар ерекше думандатты. Алатау ауданында 1 тонна алма арзан бағада саудаланып, 5 мың оқырмандарға кітап тегін таратылды. Алып шаһардың туған күніне орай ұйымдастырылған шарада қолөнер шеберлері өз білгендерімен бөлісті.

Қала күнінде Алматыда 1 тонна алма саудаланып, 5 мың кітап тегін таратылды Фото взято с сайта kp.kz

Бұл күні кәсіпкерлер Алматының символы болған жемісті көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға тегін таратты. Ал қалғандарына алма арзан бағамен саудаланды. Жалпы шараға 1 тонна жеміс жеткізілген. Сондай-ақ, балаларға арнап қолөнер шеберлері мастер класс өткізді. Шеберлік сыныптарына қатысып, концерт тамашалауға келген аудан тұрғындары ыстық ықыластарын жеткізді.

«Алматыға деген махаббатымыз шексіз. Бала-шағамыз өсіп жатыр, өніп жатыр. Қаламыз аман болсын! Заманамыз тыныш болсын!»,  – деді бір тұрғын.

«Алматы күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбасыларына бақ-береке тілеймін! Мен Алматы қаласының тұрғынымын! Осында туып өстім. Сол себепті сүйемін»,  – деді келесі бірі.

«Алматы  – махаббаттың қаласы. Жастардың қаласы ғой. Болашағы бар. Керемет қалалардың бірі. Туған күні құтты болсын!», – деді қала тұрғыны қуанышын жасыра алмай.

«Алматы әсем қала деп бекер айтылмаған. Алматының әсем табиғатын барлық адам жақсы көреді. Алматы  –  Қазақстанның екінші жүрегі»,  – деді тағы бір тұрғын.

Алатаулықтар асқар тауы мен көркі көпті шабыттандырған алып шаһардың туған күнін тойлауға тайлы-тұялы қалмай жиналған. Себебі, халық жылда бұл мейрамды ерекше атап өтеді. Аудан тұрғындары мен қала қонақтарына қызық болуы үшін жергілікті әкімдік бір мезгілде, бірнеше шара ұйымдастырды.

«Кез келген алматылық өз қаласын жақсы көреді деп есептеймін. Менде өз қаламды өте қатты жақсы көремін, сүйемін. Өйткені, Алматыны жанындағы көркейтіп тұрған – біздің Алатауымыз. Алатауға қарап, небір адамның өзінің әлі де таусылмайтын арман-мақсаттары орындалатын шығар деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев.

Сондай-ақ, думанды мерекеде уақытты тиімді өткізу үшін белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды. Және құрамына 25 кітапхана кіретін орталықтандырылған жүйе халыққа 5 мың кітапты тегін таратты. Яғни, халық ұнағанын үйлеріне алып кетуіне болады. Шара басталмай жатып, тұрғындардың кітапты талап алып жатқаны қуантады, – дейді ұйымдастырушылар.

«Алатау ауданында 1 ғана кітапхана бар. Дегенмен, аудан көлемі үлкен, бұл халыққа жетпейді. Сондықтан, оқырмандарға өзіміз келуді жөн санадық. Халық арасында кітапқа қашанда сұраныс жоғары. Бүгін түрлі жанрдағы кітаптарды әкелдік. Оның қатарында, шығармалары көптің көңілінен шыққан туындылар бар», –  деді Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Наталья Коваленко.

Қазан айынан бастап мобильді кітапхана негізінде мамандар жаңа Алматыны аралайды. Енді халық орталыққа келіп, сабылмайды. Кішігірім кітапхана аудан ішін араламақ.

Айта кету керек, 15 қыркүйек – Қала күнінің құрметіне Алматы кинофестивалі ашылды.Шараның шымылдығын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ашып берді.

«Алматы кинофестивалінің қаламыз үшін маңызы зор. Өйткені түсірілімдердің дені қала мен Алматы облысы аумағындағы әсем табиғатта түсіріледі», – деді әкім өз кезегінде. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, қаланы көркейтуге өз үлесін қосуға шақырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика