+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.09.2019 в 20:07

Алматыда «Қазақстан Грос форумы» өтті

Бүгін жаһандық және отандық компания басшылары Алматыда бас қосты. Дәстүрлі түрде өтетін «Қазақстан Грос форумға» биыл 400-ден астам акционер мен кәсіпкерлер жиналған. Олар басқосуда әлемдік экономикадағы соңғы тенденциялармен талқылады.

Алматыда «Қазақстан Грос форумы» өтті

Форумда сөз алған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы бизнес 2025» бағдарламасы жайлы сөз қозғады. Егер әкімдікке белді кәсіпкерлерден қаладағы бизнесті дамыту жөнінде ұсыныс келсе, құба-құп деді шаһар басшысы. Бағдарлама аясында Алматыда бизнес өкілдерін қолдайтын орталық ашылды. Онда бір терезе қағидасы бойынша 525 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қазір қалада құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 20 инвестициялық жоба қолға алынған. Сондай-ақ, «Даму» қорымен бірге шағын және орта бизнесті қолдау үшін 2 миллиард теңге бөлінген. Ал келесі жылы берілетін қаржы 10 миллиард теңгені құраса, одан кейінгі жылдары 30 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарда бар.

«Біз «Dawn Town» принципі бойынша Алматыны 6 аймаққа бөлмекпіз: солтүстік қақпа, оңтүстік қақпа, шығыс және батыс қақпасы, сондай-ақ, инновациялық технологиялар паркі. Осы аймақтарда шамамен 620 мың жұмыс орнын ашуды көздейміз. Онда тұрғын үй құрылыс қарқынды жүреді. Әлеуметтік және сауда-саттық кешендерін салу қажет. Яғни, бұл – бизнес ашамын дегендер үшін үлкен мүмкіндік. Қазан айында 3 жылға арналған «Жаңа Алматының» жоспарын халыққа таныстырамыз. Құжатта дүйім елді сумен қамту, көше шамдарын ортану, жол жөндеу мен салу, жайлы қоғамдық көлік мәселелері көтерілген», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

 Сондай-ақ, компания жұмысын алып, көпке үлгі болған мықты басшылар марапатталды. Биыл қос номинация «Елдің үздік басшысы» және «Жылдың үздік мәмілесі» бойынша кіл жүйріктері анықталды. Жалпы мұндай алаң пікір алмасып ғана қоймай, бір-бірімен танысуға зор мүмкіндік. Саммиттен соң отандық және шетелдік компаниялар арасында көптеген келісім-шарттарға қол қойылды. 

«Кәсіпкерлер мен басшылар осында келіп, бір-бірімен жақынырақ танысады. Бұл жерде жаңа жобалар, жаңа ойлар пайда болады. Өзара ықпалдастық туындап, көптеген біріккен жұмыстар жасалады. Форумның басты мақсаты сол әлемдегі экономика мен бизнестегі жаңалықтармен таныстыру. Біз артта қалмай, алға ұмтылуымыз керек. Соңғы тенденцияларды тезірек үйреніп, кәсіпкерлікті жаппай дамыту қажет», – деді  Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика