+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.10.2019 в 16:35

«Рухани жаңғыру»: Түркістандық ұстаздар Сыр елінің киелі жерлерін аралады

Қарттар күні қарсаңында Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагер ұстаздары Сыр елінің киелі мекендеріне саяхат жасады. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. «Туған жер» жобасы бойынша өлкенің қасиетті орындарын аралаған ұстаздар алдымен Сығанақ шаһарының көне жәдігерлерімен танысты. Түркістандық ұстаздар көне қаланың орнында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарына куә болды.

«Рухани жаңғыру»: Түркістандық ұстаздар Сыр елінің киелі жерлерін аралады

Сапардың келесі бағыты Шиелі ауданы маңында орналасқан Оқшы ата кесенесімен жалғасты. Мұнда ғалым-ұстаздар қазақтың мықты батырлары мен әулилері жатқан мазаратты зиярат етті. Абыз тұлғалар жайлы тың деректер де осы сапар барысында айтылды.

Қасиетті Қармақшы мекеніне қарай жол тартқан ардагер ұстаздар одан әрі Қорқыт ата мемориалды кешеніне аялдады. Кесененің әрбір ерекшелігіне жіті мән берген меймандар даланың желімен бірге қобыздың үні үндескен ескерткішті екі сағат бойы аралады. Киелі мекеннің кереметі жайлы ұстаздар өз пікірлерімен де бөлісті.

«Ардагерлер үшін ұмытылмас күн десем артықтық етпес. Университетіміздің басшылығының ұйымдастыруымен түркі әлемінде аты аңызға айналған Қорқыт ата кесенесіне келіп, баба аруағына тағзым жасау құрметіне ие болдық. Есте қаларлықтай танымдық саяхат болды», – деді ардагерлер ұйымының төрағасы, профессор Балғабай Нақыпов.

«Бұл жерде рух бар, дәстүр бар. Бұл маңнан нағыз қазақтың иісі шығады. Бұған дейін Сыр өңіріндегі киелі жерлердің атауын естігенім болмаса, көзбен көрмеген екенмін. Өз салтын сақтап, өткенін құрметтеп, тарихын әспеттей білген мұндағы халыққа шынымен де мың алғыс», – деді биология ғылымдарының докторы, профессор Ырысай Ділбәрханова.

Сапардың соңғы күнінде ұстаздар қауымы Қызылорда қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығының музейін тамашалады. Сонымен қатар, Сыр өңірінің басты оқу ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан», «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталықтарының көрме залдарын аралап, әріптестік көкжиегін кеңейтті.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика