«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау басталады

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуда 79 жобалар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау басталады
Фото inform.kz сайтынан алынды

«Бағдарлама аясында 2020 жылы республикалық маңызы бар ұзындығы 412 км құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жобасының құрылыс жұмыстары басталу жоспарлануда. Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасына тиісті қаражаттар бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 195 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелері және көпірлер жөндеуден өткізілуде», — деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Биыл Қазалы ауданының «Әлсейіт» көпірін, Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде «Шіркейлі» арнасы көпірі пайдалануға берледі. Ал Шиелі кентіндегі теміржол арқылы өтетін автомобиль көпіріне облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Жаңақорған ауданының «Келінтөбе-Қандөз-Көктөбе» ұзындығы 47 км құрайтын автомобиль жолына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 28 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.

Loading...
Редактор -  воскресенье, 17 октября в 04:58
«Игра в кальмара» по-казахстански
Айнур Оразбекова -  пятница, 15 октября в 03:50
Новая пятилетка – старые проблемы: Шымкент и его 15 акимов
Жанар Муканова -  воскресенье, 10 октября в 10:26
Специфика деревенских доходов в глубинке Северного Казахстана
Жанар Муканова -  четверг, 7 октября в 01:11
Какие документы нужны для продажи квартиры в Казахстане
По теме:

18 октября, понедельник