пятница, 10 января 2025 г.
icon
524.75
icon
540.6
icon
5.12
Алматы:
icon
-6oC
Астана:
icon
-7oC
×

Қызылорда облысында 100 жастан асқан 8 адам тұруда

Биылғы 1 қаңтардағы халық саны – 794,3 мың адам, 9 айлық есеп бойынша 800,8 мың адамға жеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаментінің бастығы Мариям Баекеева мәлімдеді.

«Облыс халқының болжамды өмірінің орташа ұзақтығы 2005 жылмен салыстырғанда 7,0 жылға ұзарып, 72,9 жасты құрады. Ерлерде 69,2 жасты құрады, ал әйелдерде 76,8 жас, 7,6 жасқа ұзағырақ екендігі байқалады. 2019 жылдың қаңтар-тамызында 12,7 мың туылғандар тіркелген, оның ішінде 121 жұп егіздер және екі үшемдер дүниеге келген»,  — деді Мариям Жәдігерқызы.

Сонымен қатар, облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 52,5%-ға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесін кен өндіру өнеркәсібі, көлік, ауыл, орман және балық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысына салынған. Тиімді шағын және орта бизнес-қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Бірінші кезекте ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, салық базасын қалыптастыра отырып, жұмыссыздықты төмендетеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджетті толықтырады. 2019 жылдың 1 қазанына 52 158 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, 100,8%-ға артып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0