+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.10.2019 в 18:55

Қызылорда облысында жас ақындар мүшәйрасы басталды

Бүгін Облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында жастар жылына орай , «Ақынның қаламы- адалдық алаңы (Әділдік. Парасаттылық. Сенім.)» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының ашылу салтанаты өтті.

Қызылорда облысында жас ақындар мүшәйрасы басталды

Мүшәйраны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Байқаудың мақсаты- жастардың бойына адалдық, сенім, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау.

Жарысқа 14 пен 29 жас аралығындағы барлық шығармашыл, жазба ақындар қатыса алады.

Сонымен қатар, тартысты доданың талаптарына сәйкес, мәселені жете қабылдап түсінуі және тақырыпты толық ашуы керек. Талапкер ұсынған шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп оқи білуі қажет. Сондай-ақ,өлеңдердің көлемі 15 шумақтан аспауы да талап етілген.

Өлеңдер 25 қазанға дейін қабылданып, ашық түрде әділқазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Жеңімпаз деп танылған ақындар 30 қазан күні Жастар орталығында өткізілетін әдеби кешке арнайы шақырылады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылары алқасының қорытындысы бойынша диплом , алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика