четверг, 12 декабря 2024 г.
icon
516.93
icon
542.52
icon
4.98
Алматы:
icon
-8oC
Астана:
icon
-10oC
×

Қызылордалық ұстаз республикалық «Үздік ашық сабақ – 2019» байқауының жүлдегері атанды

«Білім-Образование-Education» ғылыми-педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік ашық сабақ – 2019» республикалық педагогикалық сайысының қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Құндызай Қанибайқызы жүлделі ІІ орынға ие болды.  «Рухани Жаңғыру» – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бағытында ұйымдастырылған байқауға оқытушы «Бір айналмалы функциялардың дифференциалдық есептелуі» тақырыбындағы жұмысын ұсынған.

Оқытушының ашық сабағы Lesson Study жаңа технологиясы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығында білім алатын ИС-18-3 оқу тобының студенттеріне өткізілді.  

«Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын күшейту керек. Жоғары білім беру ісінде жасанды интелектпен және үлкен деректермен жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек» , - деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда математика пәнінің оқытушысы ретінде уақыт талабына сай, ойлау мәдениеті жоғары, өздігінен оңтайлы шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті маман даярлап шығуға өз үлесімді қосуым керек деп білемін. Сол үшін үнемі ізденісте болып, тың дүниелермен бөлісіп отыруды мақсат еттім. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың оқуға деген ерекше ынта-ықыласын байқаймын», — дейді Құндызай Қанибайқызы.

Ашық сабақ деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттеушілік әңгіме, топтық жұмыс, миға шабуыл, ой қозғау, диалогтық әдістер бойынша жүргізілді. Сонымен қатар, сабақ барысында оқытушы тарапынан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастарға насихаттау мақсатындағы сұрақ-жауаптар да қамтылды. Құндызай Қанибайқызының жұмысы «Үлгілі ашық сабақтар – 2019» атты әдістемелік жинаққа енді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0