четверг, 12 декабря 2024 г.
icon
516.93
icon
542.52
icon
4.98
Алматы:
icon
-7oC
Астана:
icon
-10oC
×

Қызылордада мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінен тест тапсыруда

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс бойынша 278 бюджеттік сала қызметкерлері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері сертификаттық тестілеуден өтуде. Бұл тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Ағымдағы жылдың 24-26 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 300 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті.

Тілдік ахуалды зерделеу нәтижесімен 9 айдың қорытындысы бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдарда 99,5%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 98,7%-ды көрсетті.

«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында тіл орталығы арқылы барлығы 1841 адам, оның ішінде 773 адам мемлекеттік тілді, 486 адам орыс тілін, 582 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, сертификаттық тестілеу Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген қызметтердің индикаторына қол жеткізу мақсатында 2019 жылдың 21-25 қазаны аралығында Қызылорда қаласы мен аудандарда ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жүргізіледі.

2017 жылы қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Стандартымен «Қазтест» жүйесі бойынша белгілі бір деңгейді меңгеруі абзал лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі бекітілген. Стандарт талаптарына сай мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтуі қажет.

ҚАЗТЕСТ сертификаттарының жарамдылық мерзімі деңгейіне қарай 3 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Қазақ тілін бағалаудың бұл жүйесінің маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді.

Тестілеу аймақ тұрғындарына қызметтер көрсетудің сапасын арттыру, бюджеттік сала қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру біліктілігін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. Сынақ жұмысына облыстық басқармалар, аудандық әкімдіктерге қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметшілері және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері, арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары қатыстырылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0