четверг, 12 декабря 2024 г.
icon
508.05
icon
534.82
icon
5.06
Алматы:
icon
-10oC
Астана:
icon
-11oC
×

Қызылорданың үш туристік нысаны республикалық картаға енді

Республикалық туристендіру картасына Қызылордадан 3 туристік нысан енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов мәлімдеді.

Фото ticketon.kz сайтынан алынды
Фото ticketon.kz сайтынан алынды

«Туристендіру картасына «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы кіреді. Атап айтқанда, «Қамыстыбас» демалыс аймағына 90-нан аса нысан салынды. Сондай-ақ, құрылыс кезінде үш жүз елу жұмыс орны ашылып, жүз елу адам маусымдық жұмыспен қамтылды. Ал, «Жаңақорған» шипажайы 88 орындыққа шақталған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мұнан өзге «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы туристендіру картасының ТОП-10 нысанына енді», — деді Мұрат Самұратұлы.

Айта кету керек, «Қызылорда облысы бойынша туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік реестрі» бекітілген. Аталған реестр аясында Арал теңізінің экологиялық-табиғи зоналарымен,Барсакелмес қорығымен танысу, Қамыстыбас көлінің туристік базасын тамашалау маршруттары қамтылған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0