+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.10.2019 в 10:26

Шетелде білімін шыңдаған қызылордалық маман «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен еңбек етуде

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек жолын елді мекендерде бастаған жас мамандар қатары артып келеді. Бұл жобаның негізгі мақсаты ауылдық жерлерде жұмыс істеуге және сол аймақтарда орналасуға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру болып табылады. 2009-2013 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Агроинженерия» мамандығы бойынша тәмамдап, әрі қарай шекара асып білім алған Азиз Досболов та «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының игілігін көріп отыр.

Шетелде білімін шыңдаған қызылордалық маман «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен еңбек етуде

«Университеттегі оқуымды аяқтағаннан кейін білімімді жетілдіру үшін 2013-2015 жылдары Ресей Федерациясы, Татарстан республикасындағы Қазан мемлекеттік университетіне магистратураға түстім. Магистратураны бітірген соң өзім білім алған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасында 1 жыл жұмыс істедім. Дегенмен, мен алған білімімді ауылдың мүддесіне арнағанды жөн санадым. Мамандығым ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, ауылдың өсіп-өркендеуіне жұмыс істеуім керек деген шешім қабылдадым. Осылайша, 2016 жылдан бастап өзімнің туып-өскен жерімдегі Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігі арқылы жұмыс істеуге кірістім. Бағдарлама көмегімен 2017 жылы тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болдым. Оған қоса мемлекет тарапынан бір реттік көтерме жәрдемақы берілді. Ең бастысы, бүгінде ауыл жастарына білім беріп, тәжірибеммен бөлісіп келемін», - дейді жас маман.

Азиз Дүкенбайұлы ауылдық жерде еңбек етудің өзі үлкен тәжірибе екенін айтады. Ол қызметімен қатар аудандағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Сонымен қатар, ағаштан түрлі бұйым жасау да сүйікті ісіне айналған.  Ауылда өрбіген еңбек жолында ол отбасын құрып, ұрпақ тәрбиесіне де атсалысып отыр. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының мол мүмкіндігін игілігіне жаратқан Азиз Досболов жас мамандарға ауылда еңбек етудің тиімділігі зор екенін жеткізді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика