+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.10.2019 в 11:48

Қызылорда облысында жастар жылын атап өтудің жол картасына енгізілген бағдарламалар орындалуда

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқарған үкіметтік жұмыс тобының мүшесі ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму вице министрі Данияр Есин Сыр жастарымен кездесті.

Қызылорда облысында жастар жылын атап өтудің жол картасына енгізілген бағдарламалар орындалуда

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес Үкіметпен бекітілген Жастар жылын атап өтудің Жол картасына енгізілген бағдарламалар мен тапсырмалардың орындалу барысын талқылады.

Вице министр жұмыс сапары барысында әлеуметтік тапсырыс арқылы облыста бірінші рет жүзеге асырылып жатқан жастардың стартап жобаларын инвестор алдында қорғауға үйрету, бизнеске баулуға бағытталған «Kyzylorda business hub» жобасына қатысушылардың бизнес жоба жасау сәтіне куә болды. Жоба мақсаты - жастардың идеяларын бизнеске айналдыру арқылы табыс табуға, инвесторлармен сауатты қарым-қатынас орнатуға, жобасының мүмкіндігін жария ете алатындай жағдайға жеткізіп, өзін және жобасын инвесторларға өткізе алатындай жауапкершілікке үйрету. Жастар стартаптары бағыттарымен танысып, өзі тарапынан ұсыныстарын білдірді. Жас стартаперлермен кездесу барысында бұған дейін Boeing 757 базасында жаңа ұшақтың техникалық және дизайнерлік келбеті жобасын жасақтаған Евгений Демиденко келесі жобасымен таныстырды. Евгений вице министрге YouTube бейнехостингіне ұқсайтын мүмкіндігі YouTubтен жоғары болатын қазақстандық нұсқаның жобасын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын және инвестор іздестіріп жатқаны жөнінде баяндады.

Жастар жылы аясында барлық коммуникациямен жабдықталған​ Қызылорда жастары үшін жасақталған облыстық Жастар орталығымен танысты.​ 4 мың шаршы метр аумақты құрайтын заманауи орталық жұмысымен таныса отырып, Д. Есин аймақта жастар үшін қабылданған шараларға оң баға беріп, Орталық жұмысын қайта жасақтау Жастар жылында жастарға жасалған​ үлкен қолдау екендігін білдірді. Жасалған қолдауды тиімді әрі мақсатты пайдаланып, жастарды жетістікке жетуге шақырды. Жастар орталығында жастар үшін өз өзіне қызмет көрсету, кеңес беру, кітапхана, медицина қызметкері, психолог, анти кафе, 330 орындық копфункциялы зал, коворкинг, фитнес залмен қатар арнайы IT park жұмысы ұйымдастырылған. Орталық қызметі жастар үшін түнгі мезгілде де көрсетіледі.
Жастар орталығымен қатар Данияр Нұрашұлы сол жағалауда орналасқан Рухани жаңғыру орталығы жұмысымен танысты. Қалалық музей орналасқан жаңа ғимараттағы Рухани жаңғыру орталығы жұмысымен танысқан вице министр жасалған жұмысқа оң көзқарас танытты.

Жұмыс күнін Жалағаш ауданында кездесумен қорытындылады. Ауданда жастар жылы аясында қайта ұйымдастырылған жастар орталығымен танысып, жастармен кездесті. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жастар орталығын қайта жаңғырту арқылы аудан жастарының бас қосатын орынның пайда болғанына, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал еткендігіне көз жеткізді. Аудан әкімдігі Жастар жылына орай бюджеттен 5 млн теңге бөліп, жастарға арналған орталықты заманауи жаңғыртып берген. Аудан жастарымен кездесуі барысында Жастар жылының Жол картасы аясында жүзеге асырылған барлық өңірлерде нақты жұмыс жұмыс жасайтын, тұрақты әлеуметтік бағдарланған бизнес жобаларды іске қосу, ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік лифтілерге қол жеткізуін арттыруды мақсат тұтқан республикалық жастарға білім беру «Зерен-2019» жазғы лагерінің мақсатты жүзеге асырылғанына көз жеткізді. Себебі, лагерьге қатысушы бір ғана Жалағаш ауданы жастары жиындық қорытындыда 3,5 млн. теңгеге сертификаттардың иесі атанған. Қорғаған жобаларын аудан жастары көктемгі мезгілден бастап жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, ауданда бірқатар тұрғындармен кездесіп мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың жолдауында жүктелген міндеттердің орындалу барысымен таныстырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика