+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
24.10.2019 в 17:14

Сыр жұртшылығы «Қышқала қазынасы» көрмесін тамашалады

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде көне Қышқала қалашығы тарихынан сыр шертетін археологиялық экспонаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Тарихшы-археолог Мадияр Елеуовтің бастамасымен 2018 жылы ежелгі Қышқалаға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу басталған болатын. Тарихи зерттеу кезінде қала орнынан табылған қыш кесектер, күмбездің сынықтары музейдегі «Қышқала қазынасы» көрмесіне қойылды. Көрме Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру мақсатында өтті. Құнды тарихи дүниелерді тамашалауға келген аймақ тұрғындарының, мектеп оқушылары мен студенттердің қарасы көп болды.

Сыр жұртшылығы «Қышқала қазынасы» көрмесін тамашалады

Тұңғыш Президент «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында: «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, - деп атап өткен болатын.

«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген ұлттық кодты сақтау, баға жетпес құндылықтарымызға терең бойлау мақсатында былтыр жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер музей қорына өткізілді. Тарихи құнды заттар арасында белгісіз адамның кесенесінің қаптамасы бар. Оның сырты қошқар мүйіз оюымен әрленген. Сондай-ақ, ескі бұйымдар глазурленген, 8 бұрышты, 6 бұрышты ою-өрнекпен, ислами  жазбалармен безендірілген. Музейдегі көрмеге осы кесене қаптамасының бөлшектері, күмбезінің қираған сынықтары  қойылды», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Әйгерім Беккулиева.

Ортағасырлық Қышқала шаһары Қызылордадан батысқа қарай 30 шақырым жердегі Қоғалыкөл ауылының жанында орналасқан. Қаланың атауы бір деректерде Баршынкент деп аталған. Әуелбек Қоңыратбаевтың қала аңыздары туралы деректерінде бұл қала Алпамыс батырдың жары Баршынды қалдырып кеткен қаласы болуы мүмкін деп жазылған. Қаланың не себептен жойылғаны туралы әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Болжамдар бойынша Сырдария өзені арнасының өзгеруіне байланысты қала көшіп, орны қаңырап қалған болуы мүмкін делінеді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика