среда, 5 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-6oC
Астана:
icon
-5oC
×

Қызылордалық студенттер шеберлермен тәжірибе алмасты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Дәстүрлі өнер институты «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала елі» тақырыбында қолөнер шеберлерімен тәжірибе алмасу сағаты өтті.  Аталған шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу алаңына «Дәстүрлі өнер» институтының «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары, аймақтағы белгілі қолөнершілер мен сурет өнерінің шеберлері, студент жастар қатысты.

Бұл шара өңірдің кәсіби қолөнершілері мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу, пікірлесу, әрі кәсіби қолөнерді насихаттап, оған қолдау көрсету арқылы рухани құндылықтарды нығайту мақсатында өткізілді.

Тәжірибе алмасу барысында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әбдіқалықова Әлима Жақыпқызы аймақ көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Дәстүрлі өнер институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы Байұлов Ғани Бекқожаұлы мұндай шаралардың көпшілік үшін маңыздылығын жеткізіп, институт жұмысы туралы айтып өтті.

Шара кезінде «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының студенттері жыр-термелерін арнаса, университет жанындағы «Дидар» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Ал, «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасы тарапынан сән шеруі ұйымдастырылып, шығармашылық жұмыстар көрсетілді. Білім алушылар шараға қатысқан кәсіби мамандарға сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Шеберлер тарапынан студенттерге кәдесыйлар ұсынылды. Сондай-ақ, қолөнер саласына қатысты бірқатар тәжірибелерімен де бөлісті. «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор мінетін атқарушы  Смаилова Жұлдыз Жолдасқызы қолөнер шеберлеріне алғысын білдіріп, осындай шараларды алдағы уақытта жиі ұйымдастыратындарын жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0