среда, 5 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-8oC
Астана:
icon
-5oC
×

Қызылордалық оқушылар кәсіпкерлік негіздерін үйренуде

Бүгінде Қызылорда облысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан арнайы оқытудан өткен 100-ден астам оқытушы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» бойынша мектеп оқушыларына қосымша сабақтар өткізіп келеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы пәнді әзірлеу жұмысының жобасын 2014 жылы бастаған болатын. Жобаға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе атсалысты. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстың нәтижесінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 2018 жылдан бастап 10 және 11 сынып оқушыларының оқу бағдарламасына енгізілді. Аптасына екі рет оқытылатын пән қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуде. Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» Жолдауындағы кәсіпкерлікті дамытудың бас­ты ба­ғыттарын жүзеге асыру мақсатында осы пәнді оқыту қолға алынды.

«№9 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларына шеберлік сабақ өтіп, кәсіпкерлік негіздері бойынша бірқатар мәліметтер бердім. Бұл сабақтарды мектеп бағдарламасына енгізгені өте тиімді болды деп есептеймін. Тұңғыш Президент «Қазақстан – 2050» бағдарламасында экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты – оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау екенін  айтқан болатын. Осы орайда біз балаларға балабақша, мектеп жасынан бастап қаржылық сауаттылықты игерткеніміз жөн. Жыл бойы 10-11 сынып оқушылары 4 тарау бойынша 68 сабақ өтеді. Питчинг, маркетинг, салық, стартап-жобалар, халықаралық бизнес, бюджетті жоспарлау сынды тақырыптарда өз білімдерін жетілдіреді», - дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маманы Фархад Әбжаппаров.

Сабақтар барысында бизнеспен айналысудың жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жайлы да мәліметтер қамтылады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту саласындағы бағдарламалар мен жобалар, жалпы кәсіпкерлікпен байланысты ақпараттар пәнді оқыту кезінде берілетін болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0