суббота, 15 марта 2025 г.
icon
505.15
icon
550.31
icon
5.89
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
-3oC
×

Қызылордалық IT саласының мамандары «Digital Bridge 2019» форумына қатысты

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нәби Дәужанов, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры Сәбит Ибадулла және орталық қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Digital Bridge 2019» халықаралық технологиялық форумына қатысып қайтты. Форум «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өтті.

«Digital Bridge 2019» IT форумының алғашқы күнінде киберспорт бойынша турнир ұйымдастырылды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына қатысты «Digital Health Astana 2.0» көрмесі жасалды. Форум аясында бірнеше панельдік сессиялар өтті. Astana Hub орталығында «5 CDO Open Talks» ашық форматындағы кездесу болды. Сондай-ақ, Astana Hub аумағында Қазақстанда алғаш рет 5G коммерциялық желісі іске қосылды.

«Digital Bridge 2019» форумы барысында тыңдалған бірнеше IT компаниялармен танысып, тәжірибе алмастық. Өңір тұрғындарына пайдалы деген жобаларды саралай отырып, Қызылорда облысына енгізуге болатын тұстарын біз өзімізге түртіп алдық. Алдағы уақытта цифрландыру бойынша сол жобаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейтін боламыз. Бұл форум IT саласының мамандары үшін үлкен тәжірибе алаңы болды», - дейді «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры Сәбит Ибадулла.

«5 CDO Open Talks» панельдік сессиясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қызылорда облысының цифрландырылу жағдайын атап өтіп, осы салаға үлес қосып жатқаны үшін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасына арнайы сыйлық табыстады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0