суббота, 15 марта 2025 г.
icon
505.15
icon
550.31
icon
5.89
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
1oC
×

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасында өткен байқау жеңімпазы анықталды

Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында «Өзіңе сене баста!» атты ІІ көрме-конкурсы өтті. Осы конкурс барысында Қармақшы ауданынан қатысқан кәсіпкер Мұсабеков Қайрат Мектепбайұлы 1 орынды иеленіп, 1 млн теңге көлеміндегі қаржылай сертификатымен марапатталды. Кәсіпкер бұл көрме-байқауға «Ерлерге арналған киім тігу» жобасын ұсынған болатын.

Кәсіпкер қазіргі уақытта тапсырыстар қабылдап, ерлерге арналған киімдер тігеді. Сонымен бірге, сыртқы киімдерді тігумен және қайта өңдеумен де айналысады. Ол 2-ші топ мүгедегі болғандығына қарамастан,  2005 жылдан бері үйде отырып тігін тігумен шұғылданып келген.  Қайрат Мектепбайұлы биылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,5 млн теңге көлемінде несие алды. Ол бүгінде мемлекеттік бағдарламаның қолдауының арқасында тігін цехын жабдықтап, кәсібін жандандырып отыр.

Аталған көрме-конкурсының мақсаты да мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету арқылы олардың дамуына үлесін қосу болып табылады.

Шара барысында әр аудан, қала бойынша бақ сынаған мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер өздері шығаратын өнімдерді көпшілік назарына ұсынды. Көрме конкурсының қорытындысы бойынша шараға қатысқан 67 кәсіпкерге 50 мың теңге көлеміндегі ынталандыру сертификаттары берілді. Конкурсқа атсалысқан барлық қатысушы облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0