Алматының денсаулық сақтау жүйесі қалай өзгеретіні белгілі болды
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мегаполис тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартудың шаралары туралы айтып берді.

Алматыны дамыту бойынша өткен кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы қаланың денсаулық сақтау саласының жұмысына көптеген шағымдардың түсетінін атап өтті. Оның мәліметі бойынша, әлеуметтік сауалнама қалалықтардың 63%-ының медициналық қызметке көңілдері толмайтынын көрсеткен.
Денсаулық сақтаудағы корпоративті басқарудың төмен деңгейі атап өтілді. «Бұл ашықтықтың болмауына, жемқорлыққа әкеледі. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы 17-нің 16-шы орнында тұр»,— деді Президент, қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырды.
Е. Бабақұмаров баяндағандай, Б. Сағынтаевтың Алматы әкімі болып тағайындалған күннен бастап жұмыс қолға алынды, оның тапсырмасы бойынша құралдардың саны мен техникалық жарақтануға қатысты қаланың барлық медициналық ұйымдарына аудит жүргізілді.
«Денсаулық сақтау жүйесі әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бізге түскен 45 мың өтініштің мониторингі медициналық қызмет сапасының тұрғындарды толғандыратын 10 сауалдар тобына енетінін көрсетті», — деді қала әкімінің орынбасары.
Жалпы құны 60 млрд теңгені құрайтын қажетті құралдармен қаланың медицина ұйымдарын жабдықтау жөніндегі үш жылдық жоспар жүргізілген аудиттің басты қорытындысы болды.
Е. Бабақұмаров қалалықтардың көрсетілген қызмет сапасына көңілі толмайтындығын жаңа ықшамаудандардағы емханалардың жоқтығымен түсіндірді, соның салдарынан орталық емханалар шамадан тыс толып, кезектер орын алып, дәрігерлерге нормативтен тыс жүктеме түскен.
«Бұл проблеманы шешу үшін біз дәрігерлік амбулаториялар жүйесін дамытудың үш жылдық жоспарын әзірледік. Бізге барлығы 35 амбулатория қажет, олардың 7-і қазірдің өзінде ашылды, жыл аяғына дейін тағы 3-ін ашамыз», — деді қала әкімінің орынбасары. Бұдан өзге, оның мәліметі бойынша биылғы жылы 3 емхана, ал келер жылы тағы 3 емхана салынады.
Медмекемелерді корпоративті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қадағалау кеңестері құрылған болатын. Алайда олардың құрамында емханалар мен ауруханалардың бірінші басшылары болғандықтан медициналық ұйымдардың жұмыс сапасына оң ықпал ете алмады.
«Осыған орай конкурстық негізде 45 жаңа қадағалау кеңестері құрылды, бұл барлық ұйымдардың 60%-ын құрайды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда», — деп түсіндірді Е. Бабақұмаров.
Сонымен қатар қалада жекешелендіру мен МЖӘ дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Жалпы әдіс анықталды - кәсіби емес активтерді операциялық басқарудан арылып, жағдайды бақылауды сақтап қалу қажет. Қала бірегей медициналық мекемелерді, шеттегі емханаларды және ірі ауруханаларды басқару құқығын өзіне қалдырады.
Бұлардан өзге, инвесторлармен жұмыс жанданатын болады, қызметтің ашықтығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қамтамасыз етіледі. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге жобалы офистің жұмысы басталды.
Алматы әкімінің орынбасары Мемлекет басшысын денсаулық сақтау саласының жұмысы жаңа серпін алатынына, айтылған проблемалардың шешілетініне сендірді. Оның үстіне, Президенттің тапсырмасына сәйкес өсімнің жаңа резервтерін анықтау мақсатында білім және денсаулық сақтау жүйелері базасында әлеуметтік экономика дамитын болады.
«Мұнда қызмет көрсетудің жеке секторын құру мақсатында МЖӘ тетіктері қолданылады. Ол үшін бюджет есебінен салынған үйлердің бірінші қабаттары әлеуметтік маңызы бар нысандарға берілетін болады», - деп қорытындылады сөзін Е. Бабақұмаров.
-
Астанчан напугала ученица, стоявшая в три часа ночи возле школы04.02.2023, 07:46Женщина облила кипятком соседку в Алматы: Чем закончилось04.02.2023, 20:42В Астане произошла массовая драка футболистов из Кыргызстана и России04.02.2023, 23:20Столичный врач озвучил основные причины рака04.02.2023, 09:15Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе04.02.2023, 00:10Женщина исчезла по дороге на собеседование04.02.2023, 12:37
-
19:10Казахстанская дзюдоистка укусила соперницу во время поединка18:30Россиянка впервые получила титул «Миссис Вселенная»18:00В 4 областях Казахстана объявлено штормовое предупреждение17:25С Байконура запустили первый ракета-носитель «Протон-М» в этом году17:00Казахстан вырвал победу у России по футболу16:30«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты16:01«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах15:34Жуткое ДТП попало на видео в Уральске14:59В UFC объявили о следующем бое Конора Макгрегора14:2611-летняя девочка убежала из дома, не выдержав побои отца13:40В Казахстане изменили работу «скорой помощи»13:00Жительница Атырау выиграла суд из-за поста в Facebook12:29Крушение поезда из 50 вагонов вызвало большой пожар и эвакуацию в Огайо11:58Огромную опухоль удалили пациенту в Алматы11:31Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру