+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
31.10.2019 в 15:00

Алматы қаласында жемқорлыққа қарсы саясат жүргізілуде

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы саясатын, қоғамдық сананы модернизациялау: адалдық пен парасаттылық қағидаларын дамыту мәселелері бойынша брифинг өтті.

Алматы қаласында жемқорлыққа қарсы саясат жүргізілуде

Брифинг барысында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Игіліков ұлттық экономиканың дамуы мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қатысты екенін, ал оны түбегейлі жою үшін әрбір субъектіге жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Әрбір азамат, мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қоғамдық бірлестіктер осынау әлеуметтік келеңсіз жайтпен күресіп, оның барлық көріністеріне төзімсіздік танытулары тиіс. Ұйымның бастамасымен сегіз оқиғаның үшеуіне батылдықпен талдау жүргізілді. Мемлекеттік органдардың осындай батылдық танытуы ведомстволық мүддеден аттап өтіп, жемқорлықтың себептері мен шарттарын жояды және қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін проблемалық мәселелерді анықтайды.

«Барлық азаматтарды, мемлекеттік органдар басшыларын, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қол жайып отырмай, жемқорлықтың алдын алып, оның осал жерлеріне талдау жасауға, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себеп-салдарларды жоюға шақырамын», — деп қорытындылады сөзін департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Игіліков.

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мешіт қызметкерлері арасында жемқорлардың жоқ екенін, сонымен қатар діннің көмегімен жемқорлықпен қалай күресуге болатынын айтты.

«Белгілі бір жұма күндері имамдар республика бойынша мешіттерде нақыл сөздер айтады және исламдағы парақорлықтың кесірі, жемқорлықтың адам мен қоғамға қаншалықты зиян келтіретіні, жемқорлықтың мемлекетті құлатуы мүмкін екені туралы пайдалы уағыздарды оқиды. Бұл – біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған шараларымыздың бірі. Алматыда, мысалы, жұма күні 50-60 мың адам жиналады және біз оларға осы ақпаратты жеткіземіз, — деді Еркінбек Шоқай.

Брифинг барысында «Ізгілік елшісі» жалпыұлттық қозғалысының кураторы Айнұр Сабитова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен 7 қазанда тұсаукесерлерінің болғанын әрі жұмыстарының басталғанын айтты. Бүгінгі күнге дейін 120-ға жуық волонтер жобаға қатысуда, izgi.kz порталы іске қосылғалы бері қозғалысқа қатысуға ниет білдірушілер саны артуда.

Жоба өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, өз отандастарына, еңбекке деген сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дарытатын болады.

«Жас ұрпақты еліміздің қоғамдық өміріне кеңінен тарту қажет. Жастар қоғамдық жұмыстарға өз еріктерімен қатысатын болса, жалпы проблемаларды шешуге және еліміздің гүлденуіне үлес қосуға ұмтылады, ал қоғам құндылықтар айналасына шоғырланып, барлық адамдардың парасаттылық пен адамгершілік танытуына ықпал етеді, жастарға адалдықты, өзара көмекті, келісім мен патриотизмді дәріптейтін болады», — деп атап өтті Айнұр Сабитова.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика