Желіде Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің атынан өнер көрсетіп жатқан Ақнәр Ардақ ана тілінде жауап берген видеосы тарады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарттық агенттігі.
«Сіздердің қолдауларыңызға ерекше рахмет айтамын. Бүгін жақсы нәтижеде сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жасымнан бастап мұз шаңғыға үйрендім. Қазақстаннан келген достарым бар, олардың жарыста жақсы нәтиже көрсетуіне тілектеспін», ― деп жылы лебізін білдірді Ақнәр Ардақ.
Ол осы жылы 23 жасқа толады. Әкесінің өмірден өткені жайлы белгілі, анасы болса мұғалім болып жұмыс істейді. Ақнәрдың айтуынша, үй іші оның жарыстарын теледидардан тамашалап отыр.
Айта кетейік, Қысқы Олимпиададағы Қытай құрамасында Ақнәрдан бөлек тағы екі этникалық қазақ бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram