воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Жартылай жалаңаш боксшының сәукеле киіп алғаны қазақстандықтардың ашуын туғызды

Боксшы Ангелина Лукас қазақтың ұлттық киімін жалаңаш денесіне киіп, көптің ашуын туғызды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл образды жасаған белгілі дизайнер Аида Кауменова Ангелинаның қарсыласымен бетпе-бет кездесуін желідегі парақшасына жариялады.

Дизайнер спортшының патриоттық сезімін көтергісі келгенімен, көпшілік қыздың жартылай жалаңаш болып сәукеле кигенін айыптады.

«Аида ханым. Сіздің шеберлігіңіз, кәсібилігіңізді өте күшті. Қатты құрметтеймін. Бірақ қазақи нақыштағы киімді жалаңаш дене арқылы көпшілікке көрсету дұрыс емес. Өнерде шектеу болмауы мүмкін. Бірақ бұл ұлттық мәдени кодқа үлкен сын», «Ұлттық киімдерге заңдық құқық дәрежесі беріліп, қорлағандар жауапқа тартылу керек!» «Дәл осыған қазақтың сәукелесін кигізіудің қажеті қанша. Төсін көрсетіп, осылай сәукеле киген бе біздің қазақ?» ― деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 7
Мне все равно 1
Забавно 67
Сочувствую 8
Возмутительно 22