пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Боксшы қазақ қызына Азияда қарсылас табылмады

Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Бангкокта басталған 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында бақ сынамайтын болды. Ол жұдырықтасатын салмақта қарсылас табылмаған, деп жазады Massaget.

Фото: kfb.kz
Фото: kfb.kz

Елдана 81 килодан жоғары салмақта шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда бұл салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға бірде-бір спортшы келмеген. Нәтижесінде ұйымдастырушылар бұл салмақ дәрежесін жарыстан алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Кей желі қолданушылары боксшы қыздың кінәлі емес екенін алға тартып, оған алтын медаль беру жайлы да жазып жатыр.

Елданадан өзге Азия чемпионатына 11 боксшымыз қатысады. Олар: Әнел Құдайберген (48 килограмм), Мөлдір Тойкова (50 килограмм), Жансая Рахымберды (52 килограмм), Анель Сақыш (54 килограмм), Виктория Графеева (57 килограмм), Шахназ Исаева (60 килограмм), Назерке Серік (63 килограмм), Ақнар Ищанова (66 килограмм), Жасмин Кизатова (70 килограмм), Дана Дидай (75 килограмм), Гүлсая Ержан (81 килограмм).

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 4

В статье: